10 Сәуір, 2018
2022 жылы Астанада жаңа музей-қорық пайда болуы мүмкін

Археологиялық кешенді дамыту бойынша Мәдениет және спорт министрлігімен келіссөздері нәтижесі бойынша,  2022 жылы Астанада «Бозоқ» деген атаумен жаңа музей-қорығы ашылуы мүмкін.


Былтыр 2017 жылы «Рухани жаңғыру» аясында Астанада қаласында 70-тен астам жоба жүзеге асқаны белгілі. Соның бірі – Astana Bilim Land. Яғни, Елорданың 27 аялдамасына үш тілде 10 мыңнан астам кітаптың электронды нұсқасы орнатылды. Сол жарияланған шығармалардың кез келгенін әр адам еркін қолдана алады.



Сонымен қатар Астана маңындағы Бозоқ қалашығын ауқымды кешенге айналдыру жұмыстары да қолға алынды. Онда жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде шаһардың бұрынырақта бекініс болғаны анықталды.



Осы ретте Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен, ҚР Ұлттық музейі Халық қазынасы ҒЗИ бөлім жетекшісі Айбар Қасеналин қолға алынған үлкен шаруаларға тоқталып, атқарылған істерге оң бағаларын берісті. 2022 жылы «Бозоқ» деген атаумен жаңа музей-қорық пайда болуы мүмкіндігін де тілге тиек етісті. Әрі мұның атқарылу барысын қадағалап, сараптама жасап отыратын жүйе керектігі айтылды.



Осы жылы «Астананың цифрлық коды» жобасы аясында аудиогид дайындалады. Сонымен қатар 20 мәдени ескерткіш туралы толық мәлімет топтастырылатын арнайы мобильді қосымша әзірленбек. 


ruh.kz
Астана