2 Қыркүйек, 2019
5 мистикалық жер. Open Qazaqstan

Қазақстанды бізбен бірге таны! «Open Qazaqstan» айдары еліміздің сакралды мекендерімен таныстыруды одан әрі жалғастырады. Ал кеттік!

Күнтізбедегі жаз айларының парақшалары аяқталғанымен жаныңызды мекендеген саяхатшылық сезім сөнбеген шығар?.. Күн салқындады, ал түн ұзарды дегенді сылтау етпеу үшін назарларыңызға қыркүйек айында еліміздің қонақ болып баруға болатын жерлерін ұсынайық.

белуха.jpg

Мұзтау. Қазақстанның ең ірі ұлттық парктерінің бірі – Қатонқарағай. Оның көлемі жарты миллион гектар жерді алып жатыр. Ойлап қараңызшы, 500 000 гектар жер! Табиғаты тамаша Қатонқарағай Оңтүстік Алтай жерлерінде орналасқан. Бұл жерде Қызыл кітапқа енген аң-құстың отыздан астам түрі мекендейді. Ұлттық парктің ең танымал нысаны Алтай мен Сібірдің ең биік шыңы – Белуха тауы. Тау буддистердің және тылсым дүниені жанына жақын тартатын жандардың ең сүйікті орны. Таудың табиғаты мен аурасы тылсымға толы болғандықтан, және халық арасындағы сенімдерді негізге алатын болсақ, Белуха тауы кез-келген туристі бауырына басып қарсы алмайды екен. Бұл фактінің өзі жер-жерден авантюризмге толы саяхатшыларды Қатонқарағайға алып келеді. Біле-білсеңіз, оның мистикасы мен сакралдығын әлемнің үш басты діні мойындады. Аңыздарға сенетін болсақ, жұмбаққа толы Шамбала мен көне түркілердің Ұмай анасы да осы тау шыңын мекендеген екен. Белуха немесе Мұзтаудың халық арасындағы екінші атауы «Қатын Бажы». Ханшайым басы деген мағынаны беретін бұл сөз көне түркілердің Ұмай ананың мекендеген мекенін нақтыландыра түсіретін сияқты. Сакралды мекенді тағы да ауызға алатын болсақ, келесі бір жайтты жазбай кету мүмкін емес. Бір меценаттың түсіне біраз уақыт аралығында Белуха тауының орманына шағын шіркеу салу туралы бұйрық келіп түседі екен. 2004 жылы тау маңындағы ормандардың бірінде меценат шағын шіркеу тұрғызады. Араға төрт жыл салып шіркеу орналасқан орман түгелімен отқа оранады, ал аталмыш шіркеу сол күйі аман қалады екен. Тылсым күш емей, не болды екен?! 

кайынды.jpg

Қайынды. Алматы облысы туристік бағыттарының сұранысқа ие жерлерінің бірі – Қайынды көлі. Табиғаттың ерекше құбылысы теңіз деңгейінен 1 600 метр биіктікте орналасқан. Көлдің «изюминкасы» қарағай ағаштары. Жүздеген жыл бұрын өз өмірін бастаған қарағайлар көлдің «сақшылары» іспеттес. Көлсайдың суының мөдірлігі келген саяхатшының қай-қайсысын болса да таң қалдырары анық. Тереңдігі жиырма бес метрді құрайтын көлдің құрамын толығымен зерттеймін деген адамға драйверлердің қызметі де табылады. Мөлдір көлдің суастын зерттеу үшін арнайы гидрокостюмді киген абзал, себебі көлдің температурасы бар болғаны +6. Қайындының жанға тыныштық сыйлайтын табиғаты барлық қонақтарға ұнары даусыз. Оған дәлел, жыл сайын көлге саяхаттап келген туристер географиясының өсуі. Достарыңызбен кездесіп қалғанда «Қайынды саяхаты» ортақ тақырыптан тыс қалып қалмау үшін, Қайындыға келіңіздер.

мертвое озеро.jpg

Өлі көл. Алматы облысының Сапақ ауылының маңында орналасқан көлдің мистикаға толы атмосферасы көп туристерді қызықтырары сөзсіз. Көлдің тылсым күшке ие екендігі жергілікті халыққа мәлім. Көлге суға түсуге келген адам кері қайтпаған. Көл суының тұздылығы соншалық, ол жерде маса мен шыбындар да мекендемейді. Флора мен фаунаның абсолютті жоқтығы адамдарды қаншалықты қорқытса, соншалықты өзіне тартады. Көлге барып келгендердің сөзіне сенетін болсақ, көлге батып кеткен адамның мәйіті су бетіне қалқып шықпайды, ол судың түбінде тігінен мәңгіге тұрып қалады екен. Жергілікті халық пен келуші қонақтардың гипотезасынан, ғалымдардың пікірінен дәйек келтірер болсақ, көлдің құрамындағы улы заттар көлемінің өте жоғары болуы көлдің табиғатына әсер етеді. Сол себепті Өлі көлде тіршілік жоқ. Тылсымды сезінгісі келген туристер үшін таптырмас саяхат – Өлі көлге бару.

акыртас.jpg

Ақыртас. VIII–IX ғасырларға тиесілі сәулет өнерінің тылсым күштерге ие екендігіне жергілікті халықтың күмәні жоқ. Жамбыл облысында орналасқан Ақыртас – кезінде жерастына қарай созылған ғимаратты болғаны анық. Ғимарат кезінде күңгірт түске жақын, салмағы он тоннаға дейін жететін алып тастардан тұрғызылған. Біздің замандас архитекторлар үшін бұл тастардың қандай күшпен көтеріліп, қаз-қатар тұрғызылғаны әлі жұмбақ. Ежелгі құрылысшылар осындай инженерлік шешімі мінсіз ғимаратты қалай ғана тұрғызған деген ой бәріне де келуі мүмкін. Сол себепті көп болжамның бірі – Ақыртасты басқа ғаламшарлықтар салған-ды. Сол жеді мекендейтін тұрғындарды өздері Ақыртас маңынан басқа ғаламшарлықтарды көрген екен. Бұл фактіні ешкім дәлелдей алмай жүргенімен, Ақыртастың тағы да бір ерекшелігін көп адам сезінген де. Көне қалашықтың маңына келген туристің қайсы бірі болсын алақанымен тастарды сипалай бастаса, өз бойының қызғандығын және бойға күш келгендігін сезінеді. Ал кейбірі керісінше бас айналу мен жүрек айнуына тап болады. Көз көру мен есту қабілеті жақсарып, жалпы бойдағы күшке жаңадан леп келгенін де сезінуге болады. Адамдар бұны тылсым күштерге байласа, ғалымдардың бұл жайттарға өз түсінігі бар. Олардың пайымдауынша, Ақыртас тектоникалық ақаулықтың (тектонический разлом) орнында орналасқан және бұл жерге келушілерге әсер ететін күш, ол – жер қойнауларында болып жатқан түрлі табиғи құбылыстар екен.

унгиртас.png

Үңгіртас. Алматы қаласынан 100 шақырым жрде орналасқан Үңгіртас ауылының маңында Үңгіртас жері бар. Бұл мекеннің энергетикасы мен тылсымдылығы еліміздің шекарасынан асқан. Зерттеуші ғалымдармен белгіленген жерде өте ауқымды энергияның бар екендігі дәлелденді. Диаметрі сегіз метрді құрайтын жердің энергиясының күштілігі соншалық, мұнда келген адамдар оны толығымен сезіне алады. Келушілердің айтуынша, бұл жер көп аурулардың емі. Аңыздарға сенетін болсақ, дәл осы жерде аспан мен жердің жүйелері тоғысып, күшті энергия ағынын береді екен. Сол себепті Үңгіртасты «Жердің кіндігі» деп те атайды. Үңгіртастың қуаты оның тастарында және топырағында. Қуат алаңының күштілігі соншалық, тастарға алғаш жақындаған адамның бірден басы айналып, тұла бойы күшке жиналады екен. Үңгіртас энергиясының жер астынан шығып аспанға қарай беттейтінін және жақын тұрған адамдарға әсер ететінін 2000 жылдардың басында Мәскеу Жер институтының профессоры В.М.Бронников әртүрлі әдістемелер мен құрылғылардың көмегімен зерттеген және дәлелдеген.

P.s. Басқа ғаламшарлықтар мен тылсымға толы еліміздің мекендері сізді қызықтырса, сол жерлерге турист болып баруға не кедергі?!. Жер анадан қуат алу және ерекше қуат көзі бар жерлерден бойға күш жинау үшін шет ел асудың қажеті жоқ. Бұның барлығы да біздің републикамыздың аймағынан табылады. Ең бастысы ниет болуы керек.

Бибігүл БӨКЕНБАЙҚЫЗЫ
Ruh.kz
ашық көзден