17 Қыркүйек, 2020
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Отырыста «Ашық үкімет» порталдарын танымал ету және дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпарат тыңдалды.

 Жиын барысында жеке деректерді қорғау мәселесі де сөз болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.Қ. Әбдіхалықов және Ішкі істер министрінің орынбасары С.С.Сәрсенов жеке деректерді қорғау және оларға қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар мен проблемалық мәселелер туралы баяндады. 

Ruh.kz