16 Қыркүйек, 2020
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

2020 жылғы 17 қыркүйекте сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. 

Отырыста Қазақстан Республикасының салалық заңнамасын ақпаратқа қол жеткізу саласындағы талаптарға, стандарттар мен қағидаттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру қорытындылары, ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну кезінде дербес деректерді қорғаудың кейбір мәселелері, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерді талдау, сондай-ақ «Ашық үкімет» порталдарын дамыту және танымал ету мәселелері талқыланады.

Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.  

Ruh.kz