11 Ақпан, 2020
Абай – дана, Абай – дара, қазақта

«Ұлы Абай әлемі - халықтың мәңгілік өшпес мұрасы» тақырыбында қойылым-концерт өткізілді.

2020 жылдың 7 ақпанында Ы. Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен А. Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ұлы Абай әлемі - халықтың мәңгілік өшпес мұрасы» тақырыбында қойылым-концерт өткізілді. 

_MG_6312.JPG

Дана Абайдың тау сілеміндей мол мұрасын насихаттау арқылы қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, студенттердің ақын поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қойылым-концертте М. Әуезовтің «Абай» спектаклі сахналанып, өлеңдері мен қара сөздері оқылды. 

ja3caNQJT33t11bZH3J3AUKHjWeTPHDnU2iFqiDN4xbfc4PqhZjwBi9dXTbEW3Fdzbxqd4DU8c6D.jpg

Көрермендер колледж оркестрінің орындауындағы «Торы жорға» күйіне қойылған «Шолпы» би ансамблінің қойылымын тамашалады. Оркестрдің сүйемелдеуімен сазгердің «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері орындалды. Абай Құнанбаевтың өлеңдері бойынша «Мен ішпеген у бар ма?» композициясы сахналанды. Театрландырылған концерт Абай Құнанбайұлының өсиет сөздерімен аяқталды.

Жамбыл облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі