9 Желтоқсан, 2018
Адам көркі – ақыл!

Ақыл – адамның жаратылысындағы ең бағалы құндылық. Осы құдіреттің арқасында кісінің болмыс-бітімі екшелмек.


Ақылды болу – жасампаздық арқылы түзелетін дүниелер қатарынан емес. Ақылды болу туғаннан. Жүрегінде жігер, санасында ақыл бар адам ғана кез-келген аламанға ат қосып кіруден тайсалмақ емес.



«Ашу дұшпан, ақыл дос» деген халық нақылы да осы тәмсілді нақтылай түскендей. Ақылы таяз адамдар ашу мен ызаға, кек пен өсекке еріп, бейбіт елдің қазанын ақтарып, итін шулатқан күндер аз болған емес. Бұл жасықтыққа бастау емес, керісінше, ақылға басымдық беру.



Ақылды адам ғана арман-мүддесіне сүрінбей жетпек. Әр уақытта ақылға жүк салып, ойға салмақ қосқан абзал.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin