27 Қазан, 2017
Ақмола облысында археологиялық экспедиция жазғы маусымын қорытындылады

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.



Ақмола облыстық археологиялық экспедициясының жазғы маусымын қорытындылау үшін өткізілген «Қазыналы қазба – рухани жаңғыру көзі» атты дөңгелек үстелде Зеренді ауданында жүргізілген қорғау-құтқару жұмыстарының бейне ролигі көрсетілді.



Іс-шараға тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшылары мен инспекторлары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары, тарих кафедрасының меңгерушілері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Абай Мырзахметов атындағы университеттің студенттері, ҚР ІІД ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатысты.



Айта кетейік, курсанттар осы жылы алғаш рет Зеренді ауданының Кеңөткел ауылы маңында орналасқан археологиялық экспедицияға барған.



«Мұндай экспедициялар патриоттық тәрбие беруде өте маңызды. Себебі, елде қандай тарих болғаны, қандай тайпалар өмір сүргені қызық», - деді Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Алма Құнанбаева.



Атап өтер болсақ, экспедицияға қатысқан студенттер мен курсанттар алғыс хаттармен  марапатталды.


ruh.kz