8 Сәуір, 2018
Ақмолалық педагогтар латын қарпіне көшуге дайын

Латын қарпіне көшу – бұл Қазақстан үшін тарихи қажеттілік,  әлемдік ғылыми және технологиялық процестерге қосылудың тағы бір мүмкіндігі деп айтуға толық негіз бар.


Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ғалым-филологтарының, аталған колледж педагогтарының және Ақмола облысы мектептері пән оқытушыларының қатысуымен «Латын графикасына көшу – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы» тақырыбында практикалық семинар өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы. 



Латын жазуына көшуде терең логика бар: бұл заманауи  технологиялармен, ортамен және коммуникациялармен, сондай-ақ XXI ғасырда оқыту және ғылыми процестердің ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалым-филологтарымен кездесу аясында заманауи Қазақстанның тарихында осындай айтулы оқиғалардың әдіснамалық аспектілері және негізгі міндеттері бойынша пікір алмасты.



Облыс педагогтары латын графикасына көшу жағдайында тілдерді оқыту әдістемесін әзірлеудің және әлемдік ақпараттық кеңістікке шығудың   негізгі жолдарымен танысты. Атап айтқанда, қазір әлемде тілдерді жеңілдету үшін барлық жағдайлар жасалған десе болады. Соның ішінде қазақ тілінде әлемнің кез келген нүктесінде тұрып, кез келген гаджетте жазуға болады. Бұл заманауи әлемде шоғырлануға мүмкіндік беретін жалпы латын графикасының арқасында батыс тілдерін жеңіл игеруге мүмкіндік берері анық.  



Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әлемде ақпараттың 80 пайызы латын графикасын қолдана отырып жариялануда. Яғни, латын көшу жастарға жаңа тілдерді, оның ішінде ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да Ж.Мусин атындағы колледждің педагогтарымен осы бағытта әдістемелік әзірлемелер ұсынылды.  



Педагогтар латын графикасына көшу бойынша студенттерді оқыту озық тәжірибесімен бөлісті, ал Ақмола мемлекеттік мұрағатының қоры бойынша көрме презентациясы өткізілді.


ruh.kz
Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы