8 Ақпан, 2018
Ақмолалық тарихи ескерткіштер туралы бейнероликтер QR-код арқылы қолжетімді болды

QR-код арқылы ақмолалық тарихи ескерткіштер туралы бейнеролик көруге болады. 


Ақмола облысында QR-кодты енгізу арқылы  өңірдің киелі нысандары туралы ақпарат беретін «Ескерткіштер сыр шертеді»  акциясы жалғасуда. Әртүрлі салада ақпараттық технологияны енгізу, компьютерлік ресурстарды цифрлау Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін цифрлау бойынша «Ескерткіштер сыр шертеді» жоба идеясы пайда болды.




«Жобаның негізгі ой арқауы- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау болып болып саналады. Бұл сынамалы жоба- Көкшетау және облыстың тұрғындары, қонақтары мен туристер үшін ескерткіштер туралы ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, QR-код заманауи технология көмегі арқылы Ақмола облысының киелі объектілері туралы ақпартты цифрландыру. Қазіргі таңда цифрлау бойынша іс-шаралар Қазақстан Республикасы бойынша тек қана Павлодар және Ақмола облысында жүзеге асырылды»- деді Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің директоры Қ. Шақшақов.




QR-код -(ағылшын тілінде. quick response – шұғыл жауап): мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR код– кез келген адам қарапайым смартфоны арқылы ескерткішке ілінген QR кодты сканерлеп, сол ескерткіш жайлы толық мағлұмат ала алады. QR кодтар – бүгінгі күні ақпараттың күн санап ұлғаюына байланысты арнайы мамандармен ескеріліп жасалған кодтар болып табылады. Қазіргі таңда QR кодты әдемдегі дамыған елдерде сауда мен өнеркәсіпте, туризмде, мәдени-ағартушылық салада белсенді пайдалынады. Металлдан жасалған кестелер әлдеқайда берік болып келеді, ал бағдарламаның іске қосылуы баршаңызды аймақтың тарихи және мәдени мұрасымен таныстыруға мүмкіндік туғызады. Өйткені, мобильді құрылғыға объектідегі QR кодқа қойса болғаны, қажетті ақпарат онлайн-режимде жүктеледі.




«QR кодтың негізгі артықшылығы мынада, негізгі тарихи мәлімет мәтін түрінде жазылып, одан басқа тарихи тұлға және оқиға туралы документальді фильм көрсету бағдарламаға енгізілген. Аталмыш жоба тек қана қонақтар мен туристерге ғана емес, сондай-ақ танымдылық жағынан өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін қызықты және қажет болып саналады», - дейді ұйымдастырушылар.




Ақмола облысының 1032 тарих және мәдениет ескерткіштер арасынан 20 киелі объектілерге QR код арқылы шифрланды. Бұл аса маңызды табиғи және тарихи-мәдени объектілер, олар: Бурабай кентіндегі Абылай хан алаңы, Ерейментау ауданындағы XVIII ғасырдың қолбасшысы, қазақ әскери өнер мектебінің негізін салушы Бөгенбай батырдың ескерткішіне, Атбасар қаласындағы жерлес, таңымал жазушы, Ілияс Есенберлиннің ескерткішіне, Көкшетау қаласындағы Абылай хан ескерткішіне, монументальді-өнер ескерткіштеріне-Ақан сері, Біржан сал, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Одағының батырлары- Т. Бигельдинов және М. Ғабдуллин ескерткіштеріне QR код орнатылды.



Сондай-ақ, Көкшетау қаласының XIX жылдың аяғы XX басындағы сәулет-өнер ескерткіштері болып саналатын «Көкшетау қаласының тарихы музей ғимаратына (бұрынғы 1889-1905 ж.ж.В.Куйбышев атындағы музей-үйі)», «Юность» кинотеатр ғимаратына («Шамсудинов и К» сауда үйлерінің бұрынғы ғимараты) QR код орнатылды.



Болашақта Ақмола облысының басқа да тарихи және мәдени объектілеріне код беру жұмысы жоспарланып отыр, бұл «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты аясында аймақтың бар тарихи және мәдени мұрасын қосымша одан әрі танытуға мүмкіндік туғызады.


ruh.kz