17 Қараша, 2017
АҚШ-та Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

Лос-Анжелес қаласында (АҚШ) 19-23 қарашасы аралығында Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді,  онда әр жылдардағы отандық кинематографының ең үздік туындылары ұсынылып, жетекші өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт беріледі, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.



««Spirit of the Great Steppe» аталатын бұл шараның басты мақсаты – америкалық көрермендерді Қазақстанның бай ұлттық - мәдени мұрасымен таныстыру», - делінген хабарламада.



Лос-Анжелестегі  Қазақстан Республикасының мәдениеті мен киносының күндері 20 қараша күні, Сабан театрында режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты көркем фильмімен салтанатты түрде ашылады. Көрсетілім аяқталғаннан кейін, Халық артисі Айман Мұсақожаеваның, халықаралық байқаулардың лауреаты Еділ Құсайыновтың, Қазақ Ұлттық өнер университетінің Еуразиялық Симфониялық оркестрінің, «Шабыт» және «Айгөлек» атты ансамбльдердің қатысуымен үлкен концерт өтеді, деп аталып өткен хабарламада.



Сондай-ақ, осы шара аясында, режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Қыз Жібек», «Балалық шағымның аспаны» және режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картиналары ұсынылатынын атап өту керек. Аталған фильмдер қазақ тілінде ағылшын субтитрларымен көрсетіледі.


ruh.kz