18 Қазан, 2017
Ақтау қаласында бірегей спорт алаңы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Қазақстанда аналогы жоқ жаңа көпфункционалды спорт және ойын алаңы ашылды. 2-қазан күні көпфункционалды алаңның салтанатты ашылу рәсімі болды. 


Шараға ҚР Парламент Сенатының депутаттары, Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов, облыс спортшылары, қала жастары мен спорт субмәдениетінің өкілдері қатысты. 



Шара барысында түрлі спорт стилінде көрсетілімдер өтті. Атап айтсақ, фристайл-футболшылар, «Каспий» БК баскетболшылары, «Боди комбат» фитнес қозғалысының өкілдері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, алаңда сән көрсетілімі мен арнайы ұйымдастырылған Dance Battle өтті. 





«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының «Doma Doma» ҚҚ және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен салынған көпфункционалды алаңда футбол, стритбол, балалар ойын алаңы, көше тренажерлары орналасқан. Алаңды барлық қала тұрғындары мен қонақтары тегін қолдана алады.



Жаңа алаң «Samruk-Kazyna Trust» Қорымен «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасымен жүзеге асырылды. Бағдарлама бойынша, қазан айының соңына дейін Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарында 12 спорт және ойын алаңдары салынбақ. Қазіргі таңда оның алтауы қолданысқа берілді. Нақтырақ айтсақ, Ақтау қаласында – төрт алаң және Мұнайлы ауданының Маңғыстау және Дәулет елді мекендерінде алаңдар пайдалануға берілді. 





«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында басталған. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірледегі өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін жобаларды іске асыру. «Менің елім» бағдарламасын, оның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып отыр. 

«Менің елім» бұл - өңірлерді дамыту бағдарламасы. Маңғыстау облысында аталмыш бағдарламаның аясында 50 мектеп байқау бойынша спорт құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, есту, көрі және ақыл-ой бұзылушылықтары бар түзелту мектептері арнайы құралдармен жабдықталды. 





Бағдарлама жергілікті әкімдіктің және өңірлердегі еншілес компаниялардың қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылып отыр.



Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


ruh.kz