7 Сәуір, 2018
Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұбанов кітапханасы» сериясының алғашқы онтомдығының таныстырылымы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұбанов кітапханасы» сериясы кітаптарының алғашқы он томдығының таныстырылымы болып өтті.


Бұл басқосуға Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері, монография авторлары қатысты.   



Жаңа кітаптармен таныстыру барысында университеттің ғылым және инновациялар бойынша проректоры Р.Бекназаров, бұл шараның Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыстар нəтижесі екенін тілге тиек етті.



 Кітап авторлары қазақтың тұңғыш лингвист-ғалымы Құдайберген Жұбановтың тұжырымдарына сүйене отырып, латын əліпбиіне өту əдістемесі мен үштұғырлы тіл біліміне байланысты инновациялық ойларын баян еткендері жайында сөз қозғады.



Сонымен қатар, шығармалардың ішінде өңірдің тарихы мен этнографиясына байланысты құнды деректі кітаптар бар екені айтылды. Алдағы уақытта «Жұбанов кітапханасы» сериясымен барлығы 100 том кітап шығарылатын болады.


Ақтөбе облысының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі