25 Мамыр, 2018
«Ақтөбе жыр құшағында» балалар жыр мүшәйрасы өтті

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімі аясында үстіміздегі жылдың 18 мамырында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ақтөбе жыр құшағында» Батыс Қазақстан аймақтық балалар жыр мүшәйрасын қорытындылады. Мүшәйра 2018 жылғы ақпан айында жарияланды.


Маруаұлы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, №2 қазақ-орыс орта мектебінің 7 сынып оқушысы Айсара Мұраттар жеңіп алды.



Ал, облыстық жас ақындар бәйгесінде белсенділік танытып, ынталандыру сыйлығын иемденгендер төмендегідей болды: Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің 9 «б» класс оқушысы Аружан Смағұлова; Алға ауданы, Алға қаласы, №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Асель Байманова; Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 10 «а» сынып оқушысы Дәулет Асуов; Қобда ауданы, Қобда орта мектебі, 6 сынып оқушысы Розалия Набока; Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №5 орта мектебінің 5 «б» сынып оқушысы Аружан Абдикаликова; Мұғалжар ауданы, Жем қаласы, №5 орта мектебі 6 сынып оқушысы Аружан Мүсірова; Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің 9 сынып оқушысы Гүлсезім Канафиева.



Жеңімпаздар Диплом, Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.


ruh.kz
Н.Байғанин кітапханасы