28 Қараша, 2017
Ақтөбеде домбырашылар мен күйшілер байқауы қорытындыланды (ФОТО)

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысында белгілі сазгер және домбырашы Қазанғап Тілепбергенұлына арналған «Ақжелең» халықаралық күйшілер байқауы өтті. 


Байқауға Ресей Федерациясы (Хакасия), Өзбекстан мемлекеттерінен және Астана, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Орал және Ақтөбе қаласынан 25 үміткер қатысты.



Сонымен, күйшіге арналған «Күйдің пірі - Қазанғап» атты концерт өтті. Онда дәстүрлі күйшілер, қазанғаптанушылар, өнер майталмандары өнер көрсетті.



Ақтық сынға 10 қатысушы өтіп, әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлде және 500 000 тг сыйақыны Ерболат Хаироллаев (ҚР, Алматы қ.) жеңіп алды.



І орын және 200 000 теңге көлеміндегі сыйақыны Құдайбергенов Дарын (ҚР, Семей қ.), Хамзин Талап (ҚР, Ақтөбе қ.) иеленді.



ІІ орынға (100 000 тг) Ресей Федерациясынан (Хакасия) келген Шалгынов Юрий; Қарақалпақстан Республикасының өкілі Нұратдинова Динара; Даненова Мадина (ҚР, Қостанай қ.) ие болды.



ІІІ орынды және 50 000 тг сыйақыны Балғабаев Ерсұлтан (ҚР, Алматы қаласы); Болатұлы Жалғас (ҚР, Ақтөбе қ.); Нажекенов Нұрлыбек (ҚР, Алматы қ.) иеленді.



Сонымен қатар, Жәлекеш Айпақов атындағы арнайы жүлдемен Камила Әбенова (ҚР, Алматы қ.), Бақыт Басықараев атындағы арнайы жүлдемен Нұрабаева Гүлдана (ҚР, Астана қ.), Жұмабай Жансүгіров атындағы арнайы жүлдемен Жамбыл Қайсар (ҚР, Алматы қ.), Сәдуақас Балмағанбетов атындағы арнайы жүлдемен Әрімбек Айбек (ҚР, Астана қ.) марапатталды. 



Қазылар алқасының мүшелерін Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы Алғыс хатпен марапаттады. Марапаттау соңында Жұмабай ата жас күйшілерге өз батасын беріп, сәттілік тіледі.


ruh.kz
АО ІСБ