8 Шілде, 2020
Әл-Фapaби. Өлең әндерінің жасалуы туралы не білесіз?

Әуенді қалай шығарады, музыканың практикалық өнері дегеніміз не?

c6a4d16b9c4fcb118f14c00683abd05b.jpg

Әуенді шығару адамға туғанынан берілетін, белгілі табиғи қабілеттілігіне байланысты. Бұған адамның әу бастағы болмысынан бекітілген, кездейсоқ емес ақындық пішін жатады: жануарларға тән қабілеттілік сананың арқасында адам рақаттанған кезінде немесе рақатсыз болған сәттерінде әртүрлі дыбыстар шығарады немесе ауыр жұмыстан соң демалуға яки болмаса жұмыс барысында шаршамауға бейімділік танытады. Расында, ән (әт-тараннумат) жұмыс кезінде алдандырады, шаршауға бой алдырмауға және қандай да бір істің басында отырып жалығуға мүмкіндік бермейді, анағұрлым ынталы жұмыс жасатады.

chart_185.jpg

Өйткені адамға алдамшы шаршау сезімін ұғындыратын елес, уақыт сезінуімен жиі қатарласып жүреді. Шаршау қозғалыстан пайда болады, ал уақыт дегеніміз қозғалысқа тән. Бұл екеуі де бір-бірімен байланысты және ажырамайды. Сондай-ақ, саз кейбір жануарларға әсер етеді деп пайымдауға болады. Мысалы, өлеңнің осындай ықпалына жолға шыққан (әл-худа) арабтардың түйелері жатады, дәлірек айтсақ, бұл жерде әуеннің шығуына адамның табиғи инстинктік қабілеттілігі үлкен рөл атқарып тұр.

9hYxFDw1bV.jpg

Музыканың практикалық өнерінің шығу тегіне келер болсақ, онда бұған түрткі болған біз жоғарыда айтып өткен табиғи қасиеттер. Кейбіреулер саздан шаршау мен уақытты сезбеулері үшін демалыс пен рахат іздейді. Басқалары болса белгілі күй-жай мен күйзелісті күшейтіп, үдетуге немесе олардың ыдырап, ұмыт болуына талпынады. Үшіншілері сазды, сөйлеген сөздерін ұғындыру мен мағыналарын түсіндіру мақсатында қолданады. Осылайша осы саз (әт-тараннум), әуен (тәлхин) мен өлеңдер (әт-тәнғим) уақыт өте олардың әрбірінде пайда болып, бір халықтан басқа халыққа беріліп, бірте-бірте көбейе бастады.

201f8ce7a287e2d2caa33414d9241d0d.jpg

Олардың арасында талап қылынған үш мақсаттың әрбірінен саз құрауға мүмкіндік берген табиғи дарындылығы мен ақылы бар адамдардың бір тайпасы өзгешеленіп шықты. Бұларға ұқсас сазды ойлап шығару ешкімнің де қолынан келмеген. Олардың әуен шығарудағы ынталылығы сонша, соның арқасында әйгілі болып, арқаларынан басқалар жүрді.

s1200.jpg

Аружан Мырзатай
Ruh.kz