5 Мамыр, 2020
Алашқа аты әйгілі Тілеу батыр

Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысындағы алаңда кезінде алты алашқа аты әйгілі болған Тілеу батыр Айтұлының айбынды ескерткіш бой көтерген. Батыр ескерткіші 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылды.

Шекті Тілеу батыр Айтұлының даңқты өмір жолы туралы қысқаша таныстырып өтсек. Тілеу Айтұлы (1630, қазіргі Ақтөбе обл. – 1684. Сайрам қ.) – би әрі батыр қолбасшы. Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы. Мөңке бидің әкесі. Тілеу батыр Күлтөбеде Тәукені хан сайлауға қатысқан беделді ел басшысы. Оның Есіркеміс, Алдаберді, Жолдыаяқ, Жақсымбет, Мөңке есімді балалары елге танымал батыр, би болған. 1681-1684 жж. жоңғарлармен болған Сайрам соғысына 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ, інісі Қалдыбай батырларды ертіп барып, соғысқан. 1684 ж. Сайрам қаласын қорғаудағы шешуші ұрыста Тілеудің өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болды. Екеуінің сүйегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш-тақтада жазулы. Түркістан қаласында Тілеу, Жолдыаяқ батырлар атындағы көше бар. Кіші жүздегі рулы ел Тілеу батырдың есімімен аталады.

photo5298615035142188165.jpg

Кайргалиева Анель Канаткызы
Ruh.kz