3 Желтоқсан, 2019
Yндістанның софтпен қамту саласы. Әлемде жоқ 4 фактор

Құрметті оқырман, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бірнеше бағытта жұмыс істеп жатқанын білесіздер. Олардың бірі – «100 жаңа оқулық» жобасы. Тіл, өнер, бизнес, мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, психология және т.с.с. бірнеше бағыттар бойынша жан-жақты сараланған, әлем тәжірибесінен өткен, толық зерттелген еңбектерден құралған бұл оқулықтардың жаңа заман адамына, студенттер мен оқушыларға берері мол.

Десек те, бұл қазынаның барлығы бірдей отандастарымыздың қолына түсе бермейтінін ескеріп, Ruh.kz порталы бүгіннен бастап үздік басылымдардан үзінді ұсынады.

Бірінші кітап – «Халықаралық бизнес: жаһандық нарықтағы бәсеке» еңбегі. Кітапта айтылған нақты іс пен айқын жетістіктер әсіресе кәсіпкерлік жолына түскен оқырмандарымыздың бір пайдасына жарайды деп сенеміз.

Құрметпен, редакция.

Шамамен 30 жыл бұрын Үндістанның Бангалор каласында компьютерлік бағдарламалық жасақтама әзірлейтін кішігірім кәсіпорындар құрылды. Солардың бірі – Infosys Technologies қарапайым компаниясын жеті үнді кәciпкері небары 1 000$ бастапқы жарнамен ашқан. Қазіргi кезде Infosys-тың жылдық табысы 10,2 млрд долларға жуық және оның 200 мыңға тарта қызметкері бар. Бүгінде Бангалор Үндістанның қарқынды өсіп келе жатқан ақпараттық технологиялар секторының орталығына айналған, infosys бағдарламалық жасақтама даярлайтын жүзден астам әзірлеуші-компаниялардың бірі ғана. 1980 жылдардың oртасынан бастап қазіргі уақытқа дейін бұл сектордын экспорттық сатылымдары 100 млрд доллардан асады.

Yндістанның софтпен қамту саласының өсуі төрт факторға негізделген. Біріншіден, елде инженерия саласының дарынды мамандары жетіп артылады. Жыл сайын Yндістан университеттерін шамамен 400 000 инженер тәмамдайды. Екіншіден, Үндістанның софтпен қамту саласындағы енбек шығындарының төмен болуы – тарихи калыптасқан жайт. 2008 жылы үнді түлегін жалдауға кеткен шығындар америкалық түлектерді жалдау шығындарының 12%-ын құрады (алайда бұл алшақтық жақындап келеді, бүгінгі таңда сектордағы енбекақы АҚШ-тағы жалақыдан тек 30-40%-ға ғана кем). Yшіншіден, үнділердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген, бұл Батыс фирмалары мен Үндістан арасындағы байланысты жеңілдетеді. Төртіншіден, уақыт айырмашылықтарына байланысты америкалықтар ұйықтап жатқан кезде үнділер жұмыс істей алады, осылайша уакыттың ерекше тиімділігін және тәулік бойы үзiлicciз жұмыс ортасын қалыптастырады. 

Халықаралық бизнес .jpg

Бастапқыда Үндістанның бағдарламалық жасақтама кәсіпорындары Батыс фирмаларына базалық бағдарламалық жасақтама әзірлеу және тестілеу қызметтерін ұсынатын төменгі сатыда қызмет етті. Caланың дамуы мен күрделенуі барысында үндістандық фирмалар нарық деңгейіне дейін көтерілді. Қазір жетекші үнді компаниялары ірі жобаларға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеу, бизнес-процестердің аутсорсингі келісімшарттары мен ақпараттық технологиялар саласында кеңес беру қызметтерін керсетіп, IBM және EDS секілді компаниялармен тікелей бәсекелеседі. Соңғы 15 жылда бұл нарықтар қарыштап дамыды, ал үндістандық кәсіпорындар нарықтың қомақты үлесін жаулап алды. Қалыптасқан бәсекелік қауіптерге қарсы Батыс фирмалары үнді фирмалары қолданатын экономикалық артықшылықтарды пайдалану үшін Үндістанға инвестиция салуды ұйғарды. Мысалы, IBM өзінің үнді операцияларына 2 млрд доллар қаржы құйды, қазір оның 150 000 қызметкері бар, бұл басқа кез келген елдегі қызметкерлер санынан артық. Сондай-ақ Мicrosoft Үндістанда, оның ішінде Хайдарабатта орналасқан зерттеу және даму (R&D) орталығына ірі инвестиция салып отыр. Орталықта 4 000 адам жұмыс істейді және ол АҚШ-қа көшуді қаламайтын дарынды үнді инженерлеріне арналған.

Дереккөз:

«Ameerpet Indias Unoffiсiаl IT Training Hub» The Economist, March 30, 2017;

«Americas Pain, India's Gain: Outsourcing» the Econoumist, January 11, 2003, p. 59;

«The World is Our Oyster» The Economist, October 7, 2006, pp. 9-10;

«IMB and Globalization: Hungry Tiger, Dancing Elephant» The Economist, April 7, 2007 рр.67-69;

P.Mishra, «New Billing Model May Hit Indias Software Exports» Live Mint February 14, 2013;

«India's Outsourcing Business: On thе Turn» The Economist, January 19, 2013;

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz
Фото: ашық дерек көздерден