17 Қазан, 2017
Әлемде кириллица әліпбиіне қарағанда, латын әліпбиі көбірек дамыған

Латын әліпбиіне ауысу қиындық тудырмайды.


Латынға көшу өркениетке, озық технологияға бір қадам жақындау, сонымен бірге мемлекеттік тілдің жалпыласуына, яғни шетелдегі азаматтарымыздың бізбен тілдесуіне мүмкіндік береді.



Латын әліпбиі – ғаламтор дәуірінің прогрессивті, заман талабының әліпбиі. Және латын әліпбиін пайдаланып, қазақ тілінде жазу ыңғайлырақ деп есептеймін.



Ерте заманда латын әліпбиін ата-бабамыз қолданғанын ұмытпағанымыз жөн. Латын әліпбиі қазақ дыбыстарын нақтырақ айқындайды.



Сондықтан латын әліпбиіне ауысу қиындық тудырмайды деп ойлаймын. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы латын әліпбиіне көшу идеясын толығымен қолдайды! Сонымен қатар, Елбасыға ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасының жобасы таңбалануы мен дыбысталуы жағынан оңайырақ деп есептеймін, – дейді Динара Садвакасова «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы


https://www.zakon.kz