26 Қыркүйек, 2018
Әлемдегі ірі инвестициялық компаниялардың бірі - BlackRock

Әр адам табысты болуды қалайды. Бүгінгі заманауи технологиялық дамыған дәуірде табысқа қолжеткізудің түрлі әдіс-тәсілдері пайда болуда. Дегенмен, бір қағида ешқашан өзгерген емес. Табыстың кілті - сенім мен қайсар мінез, талап пен талпыныс. Бұл жайтқа әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі саналатын BlackRock мысалынан куә болуға болады.   


1988 жылы қаржыгер Ларри Финк BlackRock инвестициялық компаниясының негізін қалады. Жыл сайын Финктің компаниясы ұлғая берді және байи түсті.  



Компания Google 5,7% акциясының иегері болды, ал қазір BlackRock басшылығындағы активтер мөлшері $ 6,288 трлн. құрайды.



Сонымен, әлемдегі ең ірі инвестициялық компания осындай дәрежеге қалай қол жеткізді? Компания қандай қағидамен жұмыс атқарады? Аталмыш сауалдарды жан-жақты талдап көрелік.



BlackRock басты кеңсесі Нью-Йорк қаласында орналасқан.



Соңғы он жылда әлемдегі бірде-бір қаржы компаниялары BlackRock дәрежесінен асып кете алмады. Аталмыш компания салымшыларының триллион доллардан астам қаржысын басқаратын «қара шыңға» тән.  



Ондаған Quora пайдаланушылар күн сайын бұл компанияға қалай жұмысқа орналасуға және сұхбаттасудан қалай өтуге болатындығын сұрайды. Ал жұмысқа орналасқан қызметкерлер өздерінің тәжірибесімен бөлісу арқылы жұмысқа қабылдау өте күрделі талдаудан өтетіндігін айтады.



Компанияның осындай табысты жолының негізінде бас директор, негізін қалаушылардың бірі Ларри Финк тұр.



8 адам негізін қаласа да, BlackRock табысты болуын Финктің басшылығымен байланыстырады. Дегенмен де, басшылық 12 мың қызметкерге баса назар аударып, оларға уақытылы және жақсы еңбекақы мен өтемақылар төлеп отырады.



BlackRock басшылығындағы активтер сомасы $5 трлн. құрайды. Ал әлем бойынша 30 елде компанияның 70 кеңсесі орналасқан. Сонымен қатар, Deutsche Bank, Грек банкі, Ұлыбритания Қазынашылығы, AT&T, Google и Morgan Stanley сынды ірі ұйымдар BlackRock компаниясының клиенттері мен серіктестері болып табылады.



Лоуренс Финк үлкейген сайын Ларри деп атала бастады. Оның елеулі билігіне қарамастан BlackRock негізін қалаушы туралы көп адам біле бермейді.  



65 жастағы қаржыгер қаржы саласындағы ең беделді адам болу үшін ерен еңбек сіңіріп, талай сындарға төтеп бере алды. Ал бұл жол оның кішкентай кезінен бастау алды.



Ларри Финк Калифорнияда еврей отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасының қаржы саласына мүлдем қатысы жоқ болатын. Анасы ағылшын тілінің профессоры болса, әкесінің шағын аяқ киім дүкені болды.  



Финк қаржыгер мамандығын таңдауына кім бағдар көрсеткенін ашып айтпайды, дегенмен де, оның білімі - осы жолдың дұрыстығының айқын дәлелі.



Ол Калифорния Университетіне түсіп, 1974 жылы саясаттанушы мамандығы бойынша бакалавр болады. Кейін 1976 жылы Калифорния Университетінің менеджмент мектебінде МВА дәрежесін алады.  



Магистр дәрежесіне қол жеткізгеннен кейін Финктің ұзақ еңбек жолы басталады. Осы орайда BlackRock табысын негізін қалаушылардың үлкен тәжірибесімен тығыз байланыстырады. Себебі, олар аталмыш қорды ашу үшін түрлі қаржы компанияларында он жылдан астам уақыт жұмыс істеген.  



Финктің алғашқы жұмыс орны Нью-Йорк қаласындағы First Boston инвестициялық банкі болды.



First Boston банкіндегі онжылдық еңбек өтілі барысында Финк менеджмент, кейін басқарушы директор, салық және ипотека бөлімінің басшысы лауазымдарын абыроймен атқара білді. Финктің табысты еңбек жолы тура он жылға созылды.



1986 жылы ол ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеменің өсіміне болжау жасаудан қателік жібереді де, оның бөлімі $100 млн. айырылып қалады.



«Мен қателік жібердім. Бұл кез өте жаман болды», - деп еске түсіреді сол шақты Финк.



Күрделі қателікке қарамастан, Финктің First Boston жұмысы табысты болды. Ол банкке $1 млрд. астам таза табыс әкелді. Дегенмен, бұл қателік Ларри Финкке өзінің жеке компаниясын құруға серпін береді. Бұл компания клиенттердің қаржысын салумен ғана емес, қауіптерді зерделеп, талдаумен айналысатын.



The New York Times «Уолл-Стриттегі компаниялардың табысты болуы «ағынның» көлемімен бағаланады», - дейді. Яғни, компаниядағы күнделікті биржада сатылатын құнды қағаздардағы миллиардтаған долларлар ағыны туралы айтылады.



Осы көрсеткіш бойынша BlackRock заманауи қаржы нарығының көшбасшысы болып табылады.



1988 жылы Финк First Boston банкінен кетеді. «Бұл өте қиын кезең болды. Мені толық құқылы әріптес ретінде қабылдамады, ал қызметкерлермен қарым-қатынас өте дүрдараз болатын. Дегенмен, мен First Boston жақсы көретінмін, сол себепті кету қиынға түсті», - дейді өз естеліктерінде Финк.



1988 жылы 35-жастағы Финк бастаған сегіз қаржыгер Blackstone Group инвестициялық топтың бөлігі болып табылатын компанияның негізін қалайды. Жаңадан құрылған инвестициялық қор инвестициялық топ орналасқан ғимараттың шағын бір кеңсесінде болды. 1993 жылға қарай қордың активтері $17 млрд. астам болса, екі жылдан кейін бұл мөлшер $52 млрд. дейін жетті.  



Келесі 15 жыл ішінде BlackRock қаржы саласында қарқынды дами түсті. 1995 жылы BlackStone Group басшылығымен туындаған келіспеушіліктердің салдарынан BlackRock PNC Financial Services атты басқа қаржы тобына сатылады.



Ал 1998 жылы BlackRock бірлестік ретінде тіркеледі де, бір жылдан кейін IPO шығады. Компанияның 14%-ы биржаға орналастырылады, Финк және әріптестері 16%-ы алады, ал қалған 70% PNC Financial Service компаниясында қалады.



BlackRock компаниясы IPO шыққан сәтте оның активтерінде $165 млрд. болды. Сол кездегі компанияның өсу қарқыны көптеген өндіріс алыптарының таңғалуын тудырған болатын.  



BlackRock табысының негізінде қауіптерді бағалау жүйесі жатыр. Бағалау бес мыңдаған компьютермен жүзеге асырылады. Олар күніне 24 сағат жұмыс істейді. Сонымен қатар, білікті инженерлер, математиктер мен талдаушылардан құралған үлкен топ қызмет етеді.



BlackRock компьютерлік «фирмасы» күн сайын миллиондаған келісімдерді зерделейді және әр клиенттің тиімді бейнесін қалыптастырады. 2004 жылдың соңына қарай BlackRock басшылығындағы активтер сомасы $342 млрд. мөлшерді құрады. Сондай-ақ, қор шағын компанияларды сатып алу арқылы жаңа технологияларды белсенді түрде дамыта бастады.  



2005 жылғы қаңтарда SSRM Holdings активтерін басқару жөніндегі бөлімше сатып алынды, ал жарты жылдан кейін BlackRock Merrill Lynch Investment Managers компаниясымен бірікті. 2009 жылғы желтоқсанда $13,5 млрд. қаржыға Barclays Global Investors компаниясы сатып алынды.    



Осы келісімдердің барлығы негізгі екі мақсатта жүзеге асырылды. BlackRock жаңа технологияларды сатып алу арқылы өзінің нарықтағы беделін арттыра бастады.



2009 жылы АҚШ Үкіметі дүниежүзілік дағдарыс салдарын жою үшін BlackRock компаниясын жалдайды. Бұл үшін компанияда Үкіметпен жұмыс істейтін арнайы бөлім құрылып, оның басшысы қордың вице-президенті Барбара Новик болады.  



BlackRock өзінің ауқымды тәжірибесінің арқасында ғана емес, Asset Liability and Debt and Derivatives Investment Network компьютерлік жүйесі үшін таңдап алынған болатын.  Aladdin платформасы салымдар қаупін бағалайды және түрлі активтерді теорияда тестілеумен айналысады. Бұл жүйе қандай нәтижені күтуге болатынын және қалай әрекет ету керектігін болжай алады.



The New York Times басылымында Aladdin жүйесінде 2 300 маман жұмыс істегені жазылған. Ал BlackRock компаниясының құрамында 13 мыңнан астам қызметкерлер жұмыс істейді.



Платформаны компанияның 75 клиенті қолданады. Оның ішінде Deutsche Bank сынды көптеген ірі компаниялар бар. BlackRock өз платформасын озық деп санайды.



2017 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметтерге сүйенсек, активтер мөлшері $1,8 трлн. құрайды. Финк өз компаниясының табыстылығына 100% сенімді.  



«Бізде басқа біреуге қарағанда ақпарат көп», - дейді BlackRock бас директоры.



Финктің жұмыс күні таңғы 5.15-те басталады. Ол ерте оянып, көлігіне отырады да, сағат 5.45-те BlackRock бас кеңсесіне келеді.  Финк өзімен бірге әрқашан үш басылымды алып жүреді. Атап айтқанда, олар - New York Times, The Wall Street Journal және Financial Times. Сағат алтыда Финке жұмысын бастайды.



Күніне бір сағатты ол өз ойларын ретке келтіріп алуға арнайды. Яғни, бұл сәтте оны ешкім мазаламауы тиіс.



Қаржыгер кешкі сағат 18.30-да жұмыстан шығады. Таңғы асы, түскі асы  мен кешкі асы жұмыста ішіледі.



Үйге келгеннен кейін Финк жаңалықтарды көреді де, сағат 10.30-да ұйқыға жатады. Себебі, ол ерте тұрады.



Бүгінде қаржы саласында өзінің қарқынымен мойындалған BlackRock әлі де өсу үстінде.



Мақала авторы: Ruh.kz


ruh.kz
www.fnlondon.com