26 Мамыр, 2018
Алматы облысында атқарылған және атқарылатын жобаларға әкім  шолу  жасады

Амандық Батталов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Алматы облысында жалпы құны 37,1 миллиард теңгені құрайтын 308 жобаны іске асыру күн тәртібіне қойылып отырғанын мәлімдеді.


Оқу жылы басталғаннан бері Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде жаңа мамандықтарды оқыту жолға қойылды



«Қоғамдық пікір модернизациясының жаңа бағыты», «Жетісулық өлкетану», «Қазақстанның табиғат және тарих мұралары», «Аймақтық туризм негіздері» және «Жетісу тарихы» элективті курсы бағыттары бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде студенттер осы оқу жылының басынан білім алды», - деді облыс әкімі Амангелді Батталов.



Аймақ басшысының айтуынша, жас буынның оқу сауаттылығын дамыту үшін «Жетісудың жастарға тартуы» жобасы аясында әлемге белгілі авторлардың кітаптары қазақ тіліне тәржімаланып, «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас өлкетанушылар мен туристер үшін форум өткізіледі.



Сондай-ақ, әкім «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында Алматы облысы жастарын патриоттыққа үндеу мақсатында ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып жатқанын айтты. Бір қуантарлық жағдай, аталған ғылыми-зерттеу экспедицияларына аймақ жастары белсенді түрде қатысып жатыр. Тек осы оқу жылы ғана 25 мың мектеп оқушылары мен студенттер облыстың тарихи-мәдени кешендерінің барлығын аралап шықты.



Аймақ басшысының мәліметінше, 2017-2022 жылдар аралығында «Отаным – тағдырым», бағдарламасы бойынша жалпы құны 397,3 миллион теңгені құрайтын 16 жобаны, «Өлкетану» бағдарламасы бойынша құны 24,4 миллион теңгені құрайтын 8 жобаны, «Саналы азамат» бағдарламасы бойынша жалпы бағасы 456,7 миллион теңгені құрайтын 16 жобаны іске асыру жоспарланған. Аталған жылдар аралығындағы іске асырылуы тиіс жобаларға мемлекет қазынасынан қарастырылған жалпы қаражат мөлшері – 878,4 миллион теңге.



Алматы облысында «Рухани жаңғыру» жобаларына 37,1 миллиард теңге бөлінді



Сонымен қатар, Амандық Батталов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Алматы облысында жалпы құны 37,1 миллиард теңгені құрайтын 308 жобаны іске асыру күн тәртібіне қойылып отырғанын мәлімдеді.



«Толық бағасы 37,1 миллиард теңгені құрайын 308 жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» секілді бағыттарының немесе кіші бағдарламаларының аясында қолға алынбақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті меценаттар мен жеке кәсіпкерлер қол ұшын созады. Айта кетейік, соңғы екі жылда жергілікті меценаттар ел игілігі үшін 9,4 миллиард теңге қаражат жұмсаған», - деді Алматы облысының әкімі.



Өңір басшысы 2017 жылдың желтоқсан айында Талдықорған қаласында нағыз офис мамандары жұмыс жасайтын республикалық арнайы мамандандырылған «Рухани жаңғыру» орталығы ашылғанын айтып өтті.



Сонымен қатар, Амандық Батталов арнайы бағдарламалар көлемінде іске асырылған Қарасай ауданындағы «Атамекен» Тұңғыш Президентнің тарихи-мәдени орталығы мен «Батыр бабалар» мұражайының ашылуын ерекше атап өтті.



 


ruh.kz
BNews.kz