29 Мамыр, 2018
Алматы облысында Атамекен кіші бағдарламасының жүзеге асырылуы

Алматы облысында «Атамекен» кіші бағыты Жетісу тұрғындары мен жеке кәсіпкерлердің, меценаттардың тарапынан үлкен қолдау тапты. “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын көзі ашық, көңілі ояу азаматтардың барлығы қолдап келеді. “Атамекен” кіші бағыты - әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Аталған бағыттың негізгі міндеттерін жүзеге асыруға жергілікті қалталы азаматтар барынша қолдау көрсетуде. 


Облыс көлемінде “Атамекен” кіші бағыты көлемінде бірқатар жобалар жүзеге асырылып, аталған жоба нәтижесінде жасалған жұмыстар халық игілігі үшін қызмет жасауда. Әсіресе баспанаға мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтылды. Бұдан бөлек, өңірлердегі мектеп, балабақша салу, үй ауласындағы ойын алаңдарын, спорт алаңдарын салу жұмыстары да дәл осы бағыт аясында жүзеге асуда.  



Бұл турасында Алматы облысының әкімі Амандық Батталов қоғамдық жобаларға аса мән беру керек екенін қадап айтты. Атап өту керек, Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылының аумағындағы құрылыс «BN INVEST» ЖШС қаржы-өнеркәсіптік холдингінің, аталған холдингтің иесі Болат Назарбаевтың тікелей көмегімен салынды. Шамалған аулының халқын қоныстандыруға арналған 17 тұрғын үйді салу үшін меценаттың қалтасынан 160 миллион теңге қаражат шығындалған. Сонымен қатар, ескі саябақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына, балаларға арналған ойын алаңдары мен футболға арналған төсеніштерді жасау үшін тағы да 30 миллион теңге қаражат жұмсалған. 



Жоғарыда айтылған игі істердің барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында жүзеге асқан. Айта кеткен жөн, саябақты жаңарту мен балаларға арналған алаңдарды қалпына келтіру жұмыстарының барлығы жоғары технологиялы жеміс-жидек өсірумен айналысатын «Амал Био» ЖШС компаниясының басшысы Асқар Сабыровтың қолдауымен жүзеге асты. 



«Меценаттардың көмегімен жасалған игіліктердің арасында «Батыр бабалар» атты мемориалдық мұражайының ашылғанын ауыз толтырып айтуға болады. Бұл Елбасы жасап отырған бастамамен толық астасып жатқан әрекеттер. Осылардың қатарына Тұңғыш президент, мемлекет басшысының «Атамекен» атты тарихи-мәдени орталығын мысалға келтіруге әбден болады. Ал тек қана «Туған жер» кіші бағытының аясында арнайы жобалардың 193-і іске асып, жобалардың жарыққа шығуы үшін 17,7 миллиард теңге қаржы жұмсалды», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. 



«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы кіші жобалардың көлемінде атқарылған қыруар жұмыстың үлкен бөлігі «ABM Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Азамат Молдақасымовтың тікелей қолдауымен жүзеге асты. Олардың арасынан Балқаш ауданындағы мектепке дейінгі оқыту орынын, балалар алаңын, ауыл тас жолының толық жөндеуден өтуін, жарық тартылуын айтуға болады. Азамат Молдақасымов жалпы сомасы 650 миллион теңгені ауылдың дамуы үшін құрбан етті. 



Белгілі меценат, «Жер-су» корпорациясының президенті Бауыржан Оспанов та өз аймағындағы игі бастамлар мен шағын кәсіпті дамытуға барынша қолдау көрсетіп келеді. Алакөл ауданындағы «Bastau Сamp» семинарының аясында аудандағы 12 үздік стартапты жасаған жастарға 1 миллион теңге көлемінде кәсіпкер қалтасынан гранттар тағайындалды. 



Бірнеше шаруа қожалықтарының иесі Темірлан Шайнүсіпов та бағдарламаны іске асыруға өз үлесін қосып, Жамбыл ауданына қарасты Ақтерек ауылында жалпы құны 140 миллион теңгені құрайтын 20 тұрғын-жай тұрғызып, ауылдастарына сыйға тартты. Сонымен қатар, кәсіпкер өз ауылында балалар ойнайтын алаңдар, спорттық алаңдар салып, ауыл жолын толық жөндеуден өткізіп берді.  



Облыс әкімінің мәлімдеуінше, 2019-2022 жылдар аралығында жалпы құны 5,9 миллиард теңгені құрайтын 122 нақты жоба жүзеге асуға тиіс. 



 


ruh.kz
abai.kz