9 Сәуір, 2019
Алматы студенттерінің арасындағы тұңғыш дербес Хакатон

  13-14 сәуірде Қазақcтан-Британ техникалық университетінде алғаш рет дербес Хакатон өтеді. Ұйымдастырушылар – КБТУ және «Photograd» стартап-компаниясы.


Шараның мақсаты – жастарға заманауи цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асатын мүмкіндектерді көрсету, мемлекеттің үздік ЖОО студентттер қауымдастығын шығармашылық және кәсіби өзін-өзі тануға жол ашу.



Шара «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын насихаттауға көзделген.



Хакатонға қатысушылар – КБТУ, ХАТУ, СДУ және КИМЭП студенттері.



Шара 5 дербес пән бойынша өтеді.



1. Мобильді әзірлеу;



2. Backend әзірлеу;



3. Frontend әзірлеу;



4.Маркетинг;

5. Коммуникация.



Тапсырма ретінде Photograd IT-компаниясының нақты кейстері қаралады. Әр пәннің жеңімпаздары Photograd компаниясында 3-айлық ақылы тәжірибеден өту және ары қарай жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қоса, үздік қатысушыларды жоба партнерлерінен жеке сыйлықтар күтуде. Толығырақ мағлұматпен photograd.kz сайтында танысуға болады.