12 Желтоқсан, 2017
Алматыда «Әліби Парк» демалыс орны ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында наурызбайлық тұрғындарға«Әліби Парк» демалыс орны ашылды Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сәйфеденов хабарлады.


Аудан басшысының мәлімдеуінше, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сәби» қоғамдық қорының 1 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын қаржысына «Шұғыла» ықшамауданында 1200 орындық қазіргі заман талаптарына сай жалпы білім беретін №174 мектеп-гимназиясы, «Электрокабель» ЖШС-нің 1 млрд. 300 млн. Теңгені құрайтын қаржысына, ауысымына 500 адамды қамтитын №36 емхана салынды.




«Сонымен қатар, аудан тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында Шаймерденов көшесінде «Алиби» ЖШС-нің 350 млн. теңге көлеміндегі қаржысына «Алиби Парк» демалыс орны ашылды. Сондай-ақ, Елбасының аталмыш мақаласы жарияланған күннен бастап аудан аумағындағы мекемелерде 7000-нан асатын тұрғындардың қамтылуымен 60- тан аса түрлі форматтағы мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды», - деді Сайран Сәйфеденов.




Сонымен қатар, аудан әкімі салық пен кәсіпкерлік салаларында қол жеткізілген жетістіктермен бөлісті.




«Салық түсімдері 3 жыл ішінде 391 миллион теңгеден 5 миллиард теңгеге дейін өсті, соның ішінде Республикалық бюджет 90 млн. теңгеден 1,7 млрд. теңгеге дейін және жергілікті бюджет 301 млн. теңгеден 3,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Жыл басынан бері жаңадан 20 869 субъект тіркелді, оның ішінде: 19023 жеке тұлға, 484 заңды тұлға, 1 362 жеке кәсіпкер тіркелді. Қазіргі уақытта ауданда тіркелген заңды тұлғалардың саны – 1 769, жеке кәсіпкерлер – 4 875, жеке тұлғалар – 67 650-ке жетті, - деп түйіндеді Сайран Сәйфеденов.



ruh.kz
АҚӘ