20 Ақпан, 2018
Алматыда «Боралдайдағы сақ қорғандары» археологиялық кешені таныстырылды

Боралдайдағы сақ қорғандары  Алматы қаласының аумағындағы ерте темір дәуірінен сақталып қалған жалғыз қорған.


VisitAlmaty «Боралдайдағы сақ қорғандары» археологиялық кешеніндегі ашық аспан астындағы музеймен таныстырды. Қазіргі Алматы қаласын адамдар 28 000 жылдан астам уақыт бойында мекен етіп келе жатыр деп саналады. Жайлы ауа райына, тамаша табиғаты мен су көзінің мол болуына байланысты бұл жерлердің еш уақытта да бос жатпағандығын археологиялық  жүмыстар жүргізу кезінде табылған заттар айғақтайды. Біздің эрамызға дейінгі Х ғасырдан бастап көшпенді тайпалар сақтар, олардан кейін үйсіндер, содан соң түріктер мекен еткен. Аталған көшпелі тайпалардың осы жерді мекен еткендігінің дәлелі көптеген қорғандар. Қасиетті мазарлар және шағын елді мекендерді бүкіл қала бойынша көруге болады.



Боралдайдағы сақ қорғандары  Алматы қаласының аумағындағы ерте темір дәуірінен сақталып қалған жалғыз қорған. Ол қала аумағында, Алатау ауданда, Үлкен Алматы және Боралдай өзендерінің аралығында, әуежай маңында орналасқан. Осы аумақта тарихы екі жарым мың жылдан асатын қорым бар. Археологиялық кешен  47 сақ және үйсін қорғандарынан тұрады, ең зәулімінің биіктігі 14 метрден асады, ал шеңбері 100 метрден асып жығылады. Ерте заманнан қалған қорғандар біздің эрамызға дейінгі VI ғасырмен мерзімделеді. «Боралдайдағы сақ қорғандары» археологиялық кешені өзінің құрамынасақ тұрғын үйінің макеті мен қорған кесіндісі секілді екі үлкен нысанды қосады.




«Боралдайдағы сақ қорғандары» археологиялық кешеніндегі ашық аспан мұражайы маңызды тарихи ескерткіш. Аталған ескерткіш 2006 жылы 3D карталарды модельдеу үшін жүргізілген авиатүсірілімдер кезінде анықталған. Дәл қазіргі уақытта бұл нысан 30 000-нан асатын   Алматы қаласының және Алматы агломерациясының туристтік реестріне енген. Бұл архитектуралық ескерткіш жергілікті және шетелдік туристерді қызықтыруда», - VisitAlmaty директоры Камила Лукпанова.




Сарапшылардың пікірінше ескерткіш құрылыстар мен бүлінушіліктен аман қалып, өзінің мәдени және табиғи ландшафтын сақтап қалған. Жақында «Бораладй сақ қорғандары» саябағы «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасының тізіміне енгізілген. Сонымен қатар бұл археологиялық кешенді әлемдік ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу жайлы ұсыныстарды жасау жоспарланып отыр.  



Ашық аспан астындағы археологиялық саябақ қоғамдық сананы жаңғырту «Болашаққа бағдар: РуханиЖаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.


ruh.kz...
ашық дереккөзден