14 Желтоқсан, 2017
Алматының Бостандық ауданында 14 балалар алаңы ашылды

Алматының  Бостандық ауданында  14 балалар алаңы ашылды. Бұл туралы  Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев мәлімдеді.


Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлының айтуынша, маңызды мақаладан туындайтын нақты міндеттерді жүзеге асыру бойынша ауданда бірқатар бағдарламалар қабылданып, олар рет-ретімен іске асырылуда.



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10-нан астам жобалар іске асырылды. Мәселен, биылғы жылы ауданымызда 14 жаңа балалар және спорт алаңдары ашылды. Бірқатар көшелер абаттандырылды. Төл мәдениетімізді дәріптеу мақсатында жастар арасында «Жас өркен» фестивалі ұйымдастырылды. Бірқатар көшелердің атауы өзгертілді. Өздеріңіз жақсы білетіндей біздің ауданның магистралды, басты көшелерінің бірі – бұрынғы Фурманов көшесіне Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілді. Бұл біздің қаламыз үшін, оның ішінде аудан тұрғындары үшін зор мақтаныш, үлкен абырой,- деп баяндады Бостандық ауданының басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.



Бұдан басқа, ол сендіріп кеткендей, қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшуі бойынша шығармашылық және ғылым қайраткерлерімен кездесулер көптеп өткізілді. 


ruh.kz
Ашық дереккөзден