23 Сәуір, 2019
«ALMATYTECHCUP» кубогы үшін робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша VI ашық чемпионатына келіңіздер!

2019 жылдың 26-27 сәуір аралығында «Halyk Arena» мұз айдынында балалар мен жастардың жоғары технологиялық өндіріске, инновациялар мен инженерлік әзірлемелерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Алматы қаласы Әкімінің «ALMATYTECHCUP» кубогы үшін робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша VI ашық чемпионаты өткізіледі.


     Чемпионатты ұйымдастырушы: Алматы қаласының Білім басқармасы.



Чемпионатқа Республикамыздың барлық аймақтарынан мектептер мен үйірмелердің оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатыса алады.



Чемпионат аясында келесі конкурстар өткізіледі:




        
  1.  «Жобалар»:



- Инженерлік жоба;



- Бағдарламалық жоба;



- WRO 2019 арналған жоба (Open Category);



- IT-бизнес жобалар;



- 3D – модельдеу және 3D – графика.




        
  1. «Жарыстар»:



– Роботтар сайысы: кең сызық, тар сызық, сумо, шағын сумо, робо-кросс, андроидтық роботтардың жарысы, кегельринг;




        
  • WRO 2019 арналған тапсырмалар (Regular Category): Elementary, Junior, Senior;

  •     
  • WRO 2019 (WeDoCategory);

  •     
  • VEX Robotics.



Сонымен қатар Чемпионат аясында қатысушылар мен көруге ниет білдірушілер үшін стартап-жобалар бойынша шеберлік сабақтар, семинарлар, таныстырылымдар жүргізіледі. Келем деушілерге Чемпионатқа кіру тегін.



Барлық қатысушылар үшін жас инженерлер мен әуесқой кісілерге арналған Maker Space алаңдары орналастырылады.



Іс-шараға қатысушылардың барлығы ұйымдастырушылар мен Чемпионаттың демеушілерінің атынан грамоталармен, ал Чемпионаттың жеңімпаз командалары мен команда жетекшілері дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталатын болады.



Чемпионат туралы толық ақпарат (ережесі және т.б.) http://techcup.kz">http://techcup.kz  сайтында жарияланған.



  Өткізілетін орны: Алматы қаласы, «Halyk Arena» мұз айдыны



Басталуы: 26 сәуір, сағат 11.00



Ақпарат алу телефоны: 8 778 583 54 44 


ғаламтор