28 Сәуір, 2020
Ақтөбедегі Алпамыс батырдың ескерткіші

Атақты батырларға арналған ескерткіші көп өңірдің бірі – Ақтөбе облысы. Атап айтар болсақ, Ақтөбе қаласында батыр-қолбасшылар Жалаңтөске, Бөкенбай батырға, ер Едіге батырға, Тілеу батырға, Алға ауданының Бестамақ ауылында Есет батыр Көкіұлына, Қобдада қара қыпшақ Қобыланды батырға, арыстандай ақырып теңдік сұраған Исатай батырға, Шалқар ауданының Қайдауыл станциясында «Қазан жүрек» Қайдауыл батырға, Қарғалы ауданының «Қосестек» ауылында қалмақтан елін қорғаған Сәрке батырға, Ембіде Бұжыр батырдың ескерткіштері кәсіпкерлер қаржысына орнатылған. Батырлардың бұл асқақ тұлғалы мүсіндері елді мекендердің сәнін келтірумен қатар жастардың батыр бабаларына деген мақтаныш сезімін оятып, патриоттық жігер беруде. Өскелең ұрпақтың отан сүйгіштік рухын өрлеткен сондай туындының бірі – аты аңызға айналған Алпамыс батыр ескерткіші.

31.jpg

Кайргалиева Анель Канаткызы
Ruh.kz