15 Желтоқсан, 2019
«Aqyldy álipbı»


Қарыштап дамыған ақпараттық технология заманында әрбір адамның жаңалықтан қалыс қалмай, сол жаңалықты тез әрі оңай жолмен меңгеру талабы күн сайын айқындалып отыр. Сондықтан да өз бетімен латыннегізді қазақ әліпбиін үйренемін дейтін тұлғалар үшін Ақтөбеде «Aqyldy álipbı» мобильді қосымшасы іске қосылды. Google Play-ден төмендегі сілтеме арқылы «Aqyldy álipbı» қосымшасын тауып, тегін жүктеп алуға болады: https://play.google.com/store/search?q=Aqyldy%20%C3%A1lipb%C4%B1&c=apps. 

DSC_0068.JPG

Бұл қосымшаны шығарудағы мақсат: қашықтан оқыту арқылы қазақ тілінің жаңа графикасын меңгеруге, жаңа әліпби негізінде оқу, жазу сауаттылығын арттыруға ықпал ету.

Қосымша жүктелгеннен кейін пайдаланушы жүйеге кіру талаптарын орындайды. «Мәзір» арқылы «Әліпби» тарауына өтіп, латыннегізді әліпбидің 32 таңбасының дыбысталуын тыңдайды, танысады, есте сақтайды.

Келесі қадамда «Бақылау сынағы» тарауына өтіп, 4 кезең бойынша 200 сөз және сөз тіркестерін жаңа графикада жазып дағдыланады. Әр кезеңде тілдік-коммуникативтік мақсатты көздейтін 50 сөз және сөз тіркестері берілген. Кезеңдердегі берілетін сөз, сөз тіркестері қарапайымнан күрделіге қарай өту қағидатына сәйкес. 

ақылды әліпби2.jpeg

Әр кезеңді аяқтаған соң қате жазылған сөздерді дұрыс жазу мүмкіндігі мен деңгей соңында жиынтық ұпай беріледі. Әр кезең тапсырмасын толық орындалған жағдайда ғана келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар.

Мобильді қосымша Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының тапсырысымен арнайы әзірленді.

Ендеше, сіздерді «Aqyldy álipbı» мобильді қосымшасын жүктеп, латыннегізді қазақ әліпбиін үйренуге шақырамыз. Сәттілік тілейміз!

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі