29 Тамыз, 2019
ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласында Жастар жылы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «JASTYQTYN’ JALAY’Y - SHYMQALA» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.

PHOTO-2019-08-29-14-46-15.jpg

Дүбірлі додаға Шымкент қаласы, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарымен бірге көршілес Өзбекстан Республикасынан жалпы саны 12 жас ақын қатысып, сынға түсті.

Ақындардың сайысына қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов барлық ұлттық өнер жанашырларына өз лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Дүбірлі айтыста ақындарамыз еліміздің тарихын, даму белестері мен жетістіктерін өнермен өрнектеп, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.

PHOTO-2019-08-29-14-46-29.jpg


Жастар  жылындағы елеулі істер мен Шымкент қаласының дамуын жырлаған ақындарға белгілі айтыскер ақындар - Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Карима Оралова, Анар Жаппарқұлова, Нұрлыбек Мейірманов қазылық етсе, ақын Бекмұрат Анарбаев тәуелсіз сарапшы ретінде өз бағасын берді. 

PHOTO-2019-08-29-14-46-47.jpg

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған ақынға – 1 000 000 теңге, І орын – 700 000теңге, ІІ орын – 300 000 теңге, ІІІ орын – 200 000 теңге жүлде қоры табысталды. Аламан бәйге нәтижесі бойынша, бас жүлдені шымкенттік Қажымұхан Абзалов алса, I орынды  Түркістан облысынан Нұрмахан Жақыпбек жеңіп алды. Ал, жүлделі II орын елордалық Аян Ниязбекке бұйырса, III орынды Алматы облысынан Сырым Әуесхан иемденді. Сонымен қатар, барлық қатысушы жас ақындар 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық пен қала әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.

Шымкент қаласы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі