27 Қараша, 2017
Арыстанбаб кесенесі қайта жаңғыртылуда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Биылғы жылдың күз мезгілінде «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесі ежелгі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі – Арыстанбаб кесенесін жаңғырту жұмыстарын жүргізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан игі іс барысы өз жалғасын табуда.



«Арыстанбаб кесенесінің намазхана төбесіне қамыстан төсем төселіп, шатыр беті болат темірмен толығымен жабылды. Еден астына салқынды және суды өткізбеу үшін гидрооқшау орнатылып, еден салынып, кілем жапсырылып, еденкемері қағылды. Сонымен қатар ағаш, металл есіктері ауыстырылып, ғимараттың ішкі қабырғаларын әрлеу жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.




Сондай-ақ, Отырар қалашығында қамал қабырғасын көтеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Қақпаның екі жақ шеткі бөлігінің бір жақ бетіне ағаштан құрсау қою жұмысы жүргізіліп, қақпаның екінші жақ шетінің іргетасы құйылды.



Бұдан басқа, қамалды кірпішпен көтеру және оған ағаштан құрсау қою жұмысы қатар атқарылуда. Аталған жұмыстарға қоса, құдық қабырғасын көтеру жұмысы да жалғасып жатыр.


ruh.kz
ОҚО ІСБ