7 Шілде, 2018
Арманыңнан шабыт ал

Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Армандай білу – тіршілік иелерінің арасындағы адамға ғана берілген ең үлкен табиғат сыйы. Әрбір арман адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Ал мақсаттар нақты қадамдармен жалғасса, жарқын болашақтың баспалдағына ұласады. Бұл – өмір заңдылығы.


Бірсарынды өмір сүру адамды рухани құлдырауға, адами болмысының жоғалуына, тұлғалық келбетінің солғын тартуына әкеліп соғады. Күн сайын жаңару, жаңалықтар арқылы жадыңды жаңартып отыру міндет.



Армандау арқылы адамның ақыл-ойы, мақсат-мүддесі дамиды. Арманы, қиялы арқылы көз алдына келтірген дүниесін жасауға талпыныс жасайды. Бұл – шабыт деп аталатын құнды дүние.



Мүмкіндіктер сәт сайын беріліп отырары хақ. Даму көшінде қарқынды жүріс жасап келе жатқан қоғамның мүшелері арманнан ада болмауға тиіс. Арман шабыт сыйлайды. Шабыт мақсатты құрайды. Анық мүдде нақты қадамдарға жетелейді. Нақты қадам арқылы адам дамиды.



Арманда, мақсат қой, қадам жаса! Арманыңнан шабыт ал!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin