19 Қыркүйек, 2018
Артқа шегінетін жол жоқ!

Адам өмірінде қорқыныштар өте жиі орын алады. Мұның бірі - біз қандай да бір шешімге келіп, сол бағдар бойынша әрекет ете бастаған сәтте туындайтын қорқыныш. Алды да бізді не күтіп тұр?


Осындай сәттерде болашаққа бір көз жүгіртіп алуды қалайтын жандар да табылады. Бұл - біздің табиғи күйіміз. Қорқыныш әрқашан болады. Әлемдегі ең табысты адамдардың да алдында қорқыныш болғаны хақ. Әр істі бастаудың алдында көптеген күдіктер мен кедергілер, кері ойлар туындайды. Сонымен, бұл күйден шығу үшін не істеу қажет?



Нақты бір бағдарды анықтап алыңыз да, бастап кетіңіз. Ең қиыны - алғашқы қадам жасау. Содан кейін көңіліңіз орнығып, кешегі қорқыныштың орнын қажырлық пен талпыныс басады. Өз-өзіңізге сене біліңіз. Артқа жалтақтай беруге болмас. Сізді болашақта бағындыруыңыз тиіс шыңдар күтуде.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin