8 Наурыз, 2019
Арулар, мерекелеріңізбен! (фоторепортаж)

Көктем келді! Жер жүзін қуантып, адамдарға шаттық сыйлаған, мизам-көк уақыттың ең бір жайдарлы мейрамы – 8 –наурыз –  халықаралық әйелдер күні. Бұл күн – қыздардың, ару-көктем сұлулардың, ақ жаулықты, мейірімі мол аналарымыздың мерекесі! Мерекелеріңіз құтты болсын, шынарлар!



 


Елімізге танымал өнер азаматтарының және қоғамдық-әлеуметтік салада қызмет етіп жүрген көрікті, мінезді жігіттердің мерекелік құттықтауын оқырман назарына ұсынамыз.

"Ой, шіркін, қыздар! Сұлусыздар!" 

 

"Жаным, бар жақсылық болсын!"

 

Аяулы жандарға, өмірімізге көрік, мән берген сұлуларға қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқып берейік:

Арулар - асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар -- асыл жандар!
Арулар - асыл жарлар!
Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді-ау, шуақтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар."Көңілдеріңіз көктемдей жайнасын!"

 

"Өмірдің мәнісің, Анашым!"

Даңқты жазушы Мұхтар Мағауин айтқандай, "Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі"

 

 

   Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор-денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, барақатты ғұмыр, қуаныш пен береке тілеймін!

 

Бибігүл Бөкенбайқызы, 

Ruh.kz


Ruh.kz
Джамиля Мурзабекова, Ruh.kz