7 Ақпан, 2018
Астана «Рухани жаңғыру» аясында «Іскер азамат - ел тірегі» атты жаңа бағдарлама таныстырылды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылдың қыркүйек айында республикалық деңгейде ауқымды қозғалыс – әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын «Атамекенім» қайырымдылық акциясын бастап кетті. Аталған акция бүгінде қызу қолдау тауып, кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына, мұқтаж жандарға материалдық көмек атқаруда.


Елбасы бастамасымен қолға алынған  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясы туған жерді қолдау мақсатында Ұлттық палата қолға алған «Атамекенім» акциясы негізіне алынды. Мақсат – әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. «Атамекенімнің» миссиясы – жомарт жандардың еңбегін паш етіп, өзгелерге үлгі ету, әлеуметтік жауапкершілікті насихаттау.



2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2017 жылы 15 мың ауыл тұрғынын оқытуды көздеді, 2018 жылдан бастап бұл көрсеткіш екі есе ұлғаяды, тиісінде 30 мың адамға білім беріп, оның ішінде 6000 білім алушы өз кәсібін ашуы керек немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейте алады.



Бүгінде «Бастау Бизнес» жобасының 2017 жылғы жоспары 100% орындалған. Білім алған 15 мың қатысушының 56%, атап айтқанда 8285 қатысушы бизнес-жобасын қорғады. Ал оның ішінде 3314 – жеке кәсіп ашты, кәсібін өрістетті.




«Былтыр «Бастау Бизнес» жобасы республиканың түкпір-түкпірінде сәтті жүзеге асып, халықтың көңілінен шықты. Жоба бойынша бірінші жыл жоспары 100%-ға орындалы. Биыл кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке кәсіп ашамын деушілердің қарасы қалың ауданда жүргізілсе сәйкесінше аудан орталықтары саны да ұлғаймақ. Былтыр «Бастау Бизнес» 80 ауданда жүргізілсе, биыл 160 ауданды қамтиды. Осы ретте қажетті бизнес-тренерлердің пулын дайындап жатырмыз», – деді Атамекен» ҚР ҰКП Бизнес коммуникацияларын мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев брифингте.  




«Атамекен» ҚР ҰКП мектеп бағдарламасына «Кәсіперлік пен бизнес негіздері» пәнін енгізуді ұсынды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл бастаманы қолдады. Министрлікпен бірлесіп оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған пән 2018 жылы элективті негізде енгізіледі.




«Қазіргі таңда әр өңір бойынша мектептерде пән жүріп жатыр. Оқушылардың қабылдауы мен қызығушылығы жақсы. Бұл пәннің әдістемесі «Бастау Бизнес» жобасы мен шетелдік тәжірибе негізінде дайындалды. Жалпы құрылым балаларға ойын арқылы, қызықты мәселелер арқылы тақырып түсіндіріледі. Жалпы пән элективті түрде мектеп бағдарламасына енгізіліп отыр, яғни мұғалімдер мен ата-аналар келісе отырып, бұл пәнді таңдау бойынша оқу бағдарламасына қоса алады», – деп түйіндеді Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры – Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев.




        


ruh.kz