4 Желтоқсан, 2017
Астанада алғаш рет "Жаңа Белес - 2017" студенттер балы өтті

Астанада алғаш рет жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің қатысуымен "Жаңа Белес - 2017" айшықты  салтанатты жастар балы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 


Салтанатты кештің басты бөлімі - "Студенттерге арнау" болды.




"Біз қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен колледж белсенділерінен құралған екі мыңға жуық студентті жинадық. Олардың көбісі екі апта бойы дайындалған "Вена вальсін" билеп шықты. Кештің басты мақсаты - студенттер арасындағы  достық байланысты дамыту үшін жағдай жасау және олардың мәдени тәрбиесін жоғарылату", - дейді Астана қалалық жастар саясаты жөніндегі басқармасының жастар ұйымдарымен жұмыс, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ардақ Жүсіпова. 




Кеш барысында ең басты студент билеті Назарбаев университетінің бірінші курс студенті Ибрагим Севетбеков пен "Астана" медицина университетінің студенті Нигина Мекенбаеваға салтанатты түрде табыс етілді. 




"Мен ең басты студент билетін алғаныма өте қуаныштымын. Бұл марапат менің бүкіл жетістігімнің көрсеткіші. Өзім Өскеменненмін, Назарбаев интеллектуалды мектебінде оқығанмын,  мектепте математикадан халықаралық жүлдегер атандым. Қазірде университеттің өміріне белсенді араласып жүрмін", - дейді Ибрагим Сабетпеков. 




Кеш концерттік  бағдарламамен аяқталды. Студенттерді Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары құттықтады. Іс-шараны "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жастар саясаты жөніндегі қалалық басқарманың қолдауымен өткізді.


astana.gov.kz
astana.gov.kz