19 Ақпан, 2018
Астананың 20 жылдығына арналған радиомүшайраға өтініш қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ радиолары ЖШС «Қазақстан» РТРК» жобасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Елорда және Елбасы» атты республикалық радиомүшайрасын өткізеді.


Радиомүшайраның негізгі мақсаты Астананың әлем мен ел алдындағы маңызын, алар орнын, дамуы сатыларын өлеңге арқау ете отырып Елбасының еңбегін көрсету. Сол арқылы елді, жерді, отанды құрметтеудің үлгісін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.



Байқаудың шарттары: шығарылған өлеңдердің көлемі 10 шумақтан аспауы тиіс; шығарылған өлең жолдары компьютерде 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен теріліп, электронды және қағаз нұсқада жолданылуы тиіс; Астана туралы өзі шығарған туындылары (1-2 өлең); Байқауға 18-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.



Қатысушылардың сұраныстары ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін қабылданады. Үміткерлерге өлеңдері мен өздері туралы мәліметтерді Қазақ радиосының radio.mushaira@gmail.com электронды поштасына жолдауларына болады. Байқаудың ұйымдастыру алқасы қатысушылардың өлең құрылымына, өлең мазмұнына баса назар аударады.



Түскен шығармалар жан-жақты қаралады. Өлең мазмұнына баса назар аударылып, үздік деп танылған 50 өлең іріктеліп алынады. Іріктелген өлеңдер арнайы жинақ болып шығарылады, аудиодискке жазылады, газетке беріледі және Қазақ радиосының эфирінен оқылады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі шығарға кітап (2 000 дана) пен аудиодиск (2 000 дана) шығарылып, жоба жайында газеттер арқылы ақпарат таратады. Мүшәйраның қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланады.



Мүшәйра қорытындысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі поэзия кеші ретінде ұйымдастырады. Сахнада жеңімпаздар өлең оқып, Қазақ радиоларының арнайы дипломымен марапатталады.


ruh.kz...