22 Тамыз, 2019
«Атамекен» Қазақстан картасы

«Атамекен» — Астанадағы аспан астындағы мұражай. Онда Қазақстанның барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 гектар жерді алып жатыр.

0Z9A5925.jpg

Бұл кешенде еліміздің 14 облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары аумағындағы көрікті құрылыстар мен тарихи орындардың шағын макеті ашық аспан астындағы мұражайға қойылған.

0Z9A5763.jpg

Кең-байтақ жеріміздің киелі жерлері мен сакралды орындарын аралауға уақытыңыз болмай жүрсе, «Атамекен» мұражайына қош келдіңіздер!.

0Z9A5963.jpg

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Тарихи ескерткіш еліміздің Түркістан қаласында орналасқан. Кесене 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде, 1846 жылдары қоқандардың шабуылында, сондай-ақ 1856 жылы патша әскерінің соңғы шабуылы тұсында зақымданған болатын. Ескерткіштің он бір жерінде зеңбірек оқтарының іздері сақталған.

0Z9A5904.jpg

«Қобыланды батыр» мемориалды кешені. Қобыланды батыр мемориалдық кешені 2007 жылы 8 қыркүйек күні, Ақтөбе облысының Қобда ауданы Жиренқопа ауылында ашылды. Мемориалдық кешен орнатылған жерде ежелден Қобыланды батырдың моласы болған.Батырға арнап заманында кесене тұрғызылған.

0Z9A5846.jpg


Ахмет Жұбанов атындағы мемориалдық кешен 2006 жылы ұлы қазақ композиторының 100 жылдығына орай Ақтөбе қаласында ашылды. Мемориалдық кешен - қызыл гранит плиталарымен қапталған тас пьесасы, онда фортепиано алдында отырған қола мүсіні бар. Бағанның сол жағына композитордың мүсініне қарама-қарсы оның қызы Ғазиза Жұбанованың ескерткіш-бюсті қойылды. 

0Z9A6080.jpg

Украин халқының ақыны Тарас Шевченко ескерткіші. Ескерткіш еліміздің теңіз-қаласы Ақтауда орналасқан.

0Z9A5829.jpg

Ақтөбе облысы Хромтау жеріндегі Дөң кен-байыту комбинаты - хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын. Дөң-кен байыту Комбинаты ТМД елдерінде өндірілетін хром кентастары көлемінің 95%-ке жуығын өндіреді, ал хром кентастарының қоры мен оны өндіруде дүние жүзі бойынша екінші орында (Оңтүстік Африка Республикасынан кейін).

0Z9A5974.jpg



«Атамекен» ашық аспан астындағы мұражайында еліміздің бас қаласына арнап салынған макеттер көп.


0Z9A6013.jpg


Қазақстан Ұлттық музейі алдында орналасқан субұрқағы. 


0Z9A6020.jpg


Елордамызда ерекше сәулет өнерлері тұрғын үйлердің қатарынан да табылады. «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені соған дәлел. 42 қабаттан тұратын ғимарат астанадағы және Қазақстандағы ең биік ғимараттардың алдыңғы шебінде тұр.  


0Z9A6028.jpg


«Хан шатыр» - киіз үй тәріздес әлемдегі ең үлкен ғимарат.  «Хан Шатыр» кешенін салуда британдық сәулет фирмасы жоспарлаған арнайы 150 метрлік көлбеу құрастырмалар орнатылған. Сондай-ақ оның күн сәулесін өткізетін мөлдір жабыны қазақстандық климаттың қандай күшті аяздарынан да қорғайды.


0Z9A5971.jpg


 «Атамекен» мұражайы Нұр-Сұлтан қаласы Қорғалжын тасжолы, 2/1 мекенжайында орналасқан. Жұмыс кестесі сағат таңғы 09:00-дан кешкі сағат 21:00-ге дейін. Демалыссыз. 

Кіру билеті – 400 теңге

Қазақ тіліндегі экскурсия – 200 теңге

Орыс тіліндегі экскурсия – 200 теңге

Ағылшын тіліндегі экскурсия – 500 теңге

Фототүсірілім – 300 теңге.

Жеңілдіктер де қарастырылған. 


Ruh.kz