12 Ақпан, 2018
Атырау облысында «Рухани жаңғыру» жобасының өңірлік кіші кеңсесі ашылды

Атырау облысында «Рухани жаңғыру» жобасының өңірлік кіші кеңсесі ашылды


Кеңсе жетекшісі болып Ә.Қаржауова тағайындалды. Кіші жобалық кеңсе Мақат өңіріндегі бағдарлама аясындағы шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын болады. Жобалық кеңсе Мақат аудандық балалар кітапханасының базасында орналасқан, интернет жүйесімен, қажетті техникалық құралдармен жарақталған. Кіші жобалық кеңсе құрамында мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, спорт бөлімдерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының өкілдері өзара күш біріктіре отырып, жұмыс жасағалы отыр.



Жобалық кеңсе басшысы Р.Кульмагамбетов пен Мақат ауданы әкімі Б.Сәрсенғалиев, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н.Умирбаевтың арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум әр өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелері, өзара әлеуметтік қарым-қатынас, әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруды кепілдендіреді.



Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 5 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Мақат, Жылыой аудандарында іссапармен болды. Топ жұмысына өңірлік сарапшылар кеңесінің мүшесі А.Кенжеғалиев қатысты.



Жобалық кеңсе тарапынан Мақат ауданында Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицейі, ауыл кітапханаларын жаңғырту, педагогтардың үш тілде білім беруін қолдау, ауыл балаларына робототехника саласы бойынша көмек көрсету, мектеп директорларының клубын құру жұмыстарын бірлесе жүргізуге ұсыныс білдіріп отырғандығы туралы айтылып, аудан тарапынан қатысушылар бұл ұсыныстарды қолдайтындықтарын білдірді.



Айта кетсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мақат ауданында 2017 жылы «Атамекен» паркі мен «Адай ата» тас жолы салынып, ел игілігіне берілсе, республикалық көлемде еркін күрестен Т.Құсайынов атындағы республикалық турнирі өтті.



Ал үстіміздегі 2018 жылы мамыр айында «Жеңіс» паркінің ашылу салтанаты жоспарлануда.


ruh.kz...