5 Желтоқсан, 2017
Атырау облысындағы Махамбет ауданының киелі жерлеріне саяхат аяқталды

"Рухани қазына" кіші бағдарламасы бойынша қыркүйек-қараша айларына жоспарланған Атырау облысы, Махамбет ауданының киелі жерлеріне саяхат аяқталды.


Сонымен, Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты мен Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын Бала Ораз Өтебайұлының қайтыс болған жеріне танымдық саяхат ұйымдастырылды. Саяхатқа Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мәңгілік Ел» ғылыми зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Аққали Қабижанұлы, «Махамбет-Исатай» мешітінің бас имамы Ержан Иманғалиев, ауыл ардагерлері, мектеп оқушылары, тарих пәнінің мұғалімдері, жалпы  95 адам қатысты.



Ал, М.Әжәйіповтың жерленген жеріне және Хан ордалы Сарайшық мемориалдық кешеніне ұйымдастырылған танымдық саяхатқа 150-ге жуық қатысты.  Олардың қатарында «Махамбет-Исатай» мешітінің бас имамы Ержан Иманғалиев, ауыл ардагерлері, мектеп оқушылары, тарих пәнінің мұғалімдері, ауыл жастары болды.  




«Онда Мұхамбет ата немересі Х.Мұхамбетов  сөз алып, өмірі мен өнері туралы толыққанды мағлұмат берді. Атаның рухына дұға бағышталып, құран оқылды. Ауыл жастары мен оқушылары өз сұрақтарын қойып, мүмкіндігінше жауаптарын алды. Ал,  Хан ордалы Сарайшық кешеніне саяхатқа ауылдың ардагерлері, жастар, оқушылар, мекеме қызметкерлері қатыстырылды. Оның аясында Сарайшық музейінің директоры М.Бердімұратов саяхатқа келген қонақтарды мұражай ішінде орналасқан жәдігерлермен таныстырды. Ауыл тұрғыны Е. Есекенов жастарға осындай саяхаттардың ұйымдастырылуының маңыздылығы туралы айтты», - делінген хабарламада.




Бұдан басқа, Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Еламан ата» басына танымдық саяхат өткізілді.



Ауыл әкімінің орынбасары Ұ.Тналиев аудан бойынша «Рухани жаңғыру» мақаласына орай, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанына қысқаша тоқталды. Ауыл ақсақалы Т.Есенғалиев Еламан атаның өмірбаяны туралы жұртшылыққа әңгімелеп берді.


ruh.kz
АО ІСБ