4 Желтоқсан, 2017
Атырауда демеушілер және меценаттар қозғалысы өтті

Атырау облысында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында облыстық отбасы үлгісіндегі балалар және жасөспірімдер үйінде “Қамқоршы” демеушілер және меценаттар қозғалысы болып өтті. 


Бүгінде балалар және жасөспірімдер үйінде 49 бала 6 отбасында тәрбиеленуде. Олардың барлығында ана тәрбиешісі, әпкелері бар. Шара барысында ең бірінші кезекте балалар және жасөспірімдер үйіне саяхат жасалып, шараға қатысушылар қоян шаруашылығы мен “Бақыт” шеберханасын, отбасыларды аралады.




«Бүгінде “Жанашыр” бағдарламасы аясында “Іскер” консорциумы – 1 бала, «Потенциал ойл» – 1 бала, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» – 1 бала, «Қазақтелеком» – 1 баланы, Республикаға танымал Алматы облысының меценаты Бауыржан Оспанов 3 баланы, ал әлеуметтік серіктестік арқасында «Уорли Парсонс» компаниясы – 2 баланы, «Тэсс проект» компаниясы – 1 баланы, ТОО «ҚазМұнайГаз» – 1 баланы, «Мұнайшы» спорт кешені – 3 баланы өздеріне әлеуметтік қамқорлыққа алып отыр», - деді өз сөзінде сөзді балалар ауылы директоры Гүлсара Аманғалиқызы.




Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев құттықтау сөз сөйлеп, балалар ауылына көптеген жылдар бойы қамқорлық жасап келе жатқан “Атырауэнерготехсервис” ЖШС-і ұжымының басшысы Қалиева Айгүл ханымды марапаттады.




«Осындай марапатпен “Уорли Парсонс Қазақстан” ЖШС-нің әкімщілік бөлімінің басшысы Азмуханова Тахмина, осы мекеменің көлік бөлімінің супервайзері Изтелеуов Қуаныш, “Рауан –Атырау” қоғамдық қорының атқарушы директоры Фазлиденов Ғабиден, қызметкерлермен балалардың ақпараттық білімін жетілдіруге үлкен үлес қосып келе жатқан “ЖАС” қоғамдық қорының басшысы Айтбаева Светлана мен орынбасары Тасимов Манарбек, балалар ауылына қол ұшын беріп келе жатқан әлеуметтік серіктесі “Жайық Ломбард” желісінің атқарушы директоры Мухамбетова Меңсұлу, “Жүректен жүрекке” атты еріктілер тобының ұйымдастырушысы Айгерім Жәрдемқызы марапатталды», - делінген хабарламада.




Жалпы, шараның мақсаты  отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тең құқылы өмір сүруі үшін демеуші азаматтар,қоғамдық қорлар мен компанияларды тарту. 


ruh.kz
АО ІСБ