1 Ақпан, 2018
Атырауда Каспий маңындағы қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы туралы кітап таныстырылды

Кітап-альбомда ХХ ғасырдың 20-жылдары Каспий маңын мекендеген қазақтардың этнографиясына қатысты Ресей Ғылым Академиясы архивінің Санкт-Петербург қаласындағы филиалының қорынан алынған 200-ден астам бірегей архивтік фотосуреттер жарияланған.


Атырауда «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Каспий маңы қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы фотоқұжаттарда» атты кітап-альбомның тұсау кесер рәсімі өтті.



Кітап-альбомда 200-ден астам бірегей архивтік фотосуреттер жарияланған. Оның ішінде 150-ден астамы бұрын соңды мүлдем жарыққа шықпаған.




«Түсірілімдер Одақтық және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше Комитеттің, профессор С.Руденко бастаған Антропологиялық отрядының 1926 жылы Ақтөбе губерниясы мен Адай уезінің аумағына жүргізген далалық ғылыми-зерттеу экспедициясы барысында жасалған», - деді кітап-альбомның авторы, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Мұхамебетқали Кипиев.




Басылымда басылған фотосуреттерде қазақтардың бет-бейнесі, шаруашылығы, кәсібі, қолөнері, баспана және тұрғын-жайы, ұлттық ойындары мен зираттары көрініс тапқан.



Ол ХХ ғасырдың 20-жылдарында Каспий маңындағы көшпелі қазақтардың тарихы мен этнографиясына қатысты жарық көрген алғашқы фотоальбом болып табылады.


ruh.kz...