2 Ақпан, 2018
Атырауда көне Сарайшық қаласы туралы мультипликациялық фильм таныстырылды

Атырауда «Сарайшыққа саяхат» мультипликациялық фильмі таныстырылды. Оның тұсаукесеріне 400-ге жуық бастауыш сынып оқушылары қатысты.


«Сарайшыққа саяхат» мультфильмі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес киелі орындарды насихаттау, ғалымдардың зерттеулерін өскелең ұрпақтың жадында сақтау мақсатында дайындалды.



10 бөлімнен тұратын мультфильмде балалардың Сарайшық қаласына саяxаты көрсетіледі. Мультфильмді кеше алғаш болып Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде 8 мектептің бастауыш сынып оқушылары тамашалады. Жобаны дайындаған Q-Daily Медиа орталығы 2 ай көлемінде мульфильмді құрастырып үлгерген.




«Сарайшыққа саяхат» жаңа технологиямен жасалған Қазақстандағы алғашқы мультипликациялық фильм. Жоба барысында Сарайшық қаласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғалымдармен ақылдаса отырып, сценарий құрдық. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық туынды жасау мақсатында 20-дан аса адам жұмыс жасады. Кішкене көрермендер оң бағасын береді деген үміттеміз»,-деді жоба продюсері Азамат Атагелдиев.




Айта кетейік, алдағы уақытта қаладағы өзге де мектеп оқушыларына мультфильмді көрсету жоспарланып отыр.




«Бұл мультфильм балаларға Сарайшық тарихын таныстыруға арналған интерактивті оқыту құралы болып табылады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өсіп-өркендеп, кемелдене алады. Біздің болашағымыз, егемен еліміздің ертеңі – балалар десек, балаларды бүгіннен тарихпен сусындату – бәріміз үшін жауапты іс»,-деді өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері Мейрамгүл Есниязова.



ruh.kz...