7 Қазан, 2019
Әуезді ардагерлер ансамбліне 1 жыл

Ақтөбеде «Атамекен» ардагер аталар, «Асылым» аналар халықтық ән ансамбльдерінің құрылғанына бір жыл толды. Ансамбль жүйелі, жоспарлы, нәтижелі жұмыс жасап, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде.

Ақтөбеде «Атамекен» ардагер аталар, «Асылым» аналар халықтық ән ансамбльдерінің құрылғанына бір жыл толды. Ансамбль жүйелі, жоспарлы, нәтижелі жұмыс жасап, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. «Атамекен» аталар ансамблі республикада тұңғыш рет зейнеткер ер адамдардан құрылған ансамбль. Ансамбль мүшелерінің жасы 70 пен 85 аралығындағы бұрынғы көркемөнерпаздар.

Олардың мамандықтары әр алуан. 85 жастағы Қуан Камалхан-мұғалім, 30 жыл мектеп директоры болған, Қуан Хамза – 83-те инженер-орманшы, 78 жастағы Боранқұлов Шыңғыс – теміржолшы, тепловоз-машинист, Рсалы Имухамбет – қаржыгер, салық саласының қызметкері т.б. 

WhatsApp Image 2019-01-11 at 14.04.24.jpeg

Қазір Қазақстанның барлық дерлік аудандарында әжелер ансамбльдері құрылған, олар қоғамға пайдалы іс атқарып жүр. Осындай бір ақтөбелік әжелер ансамблінің 10 жылдығы концертінде «бұл әжелер неге жалғыз жүр? қастарында ер-азаматтар, аталар ансамблі жоқ» деген сөзден кейін «Рухани жаңғыру» болсын деп қолға алынып, аталардың «Атамекен» ансамблі құрылып, игі істерге, тәрбиелік шараларға қатысып жүр.

 «Атамекен» аталар ансамблімен қатар, бірге «Асылым» аналар ансамблі тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді. Олар – зейнеткерлер 60 пен 68 жас аралығындағы әртүрлі мамандық иелері – аспазшы, дәрігер, мұғалім, медбике, тігінші.

Екі ансамбльдің де көркемдік жетекшісі әрі дирижері тәжірибелі, 61 жастағы ұстаз, музыка пәнінің мұғалімі, вокалист-хоровик Сағынова Қаракөз- «Бейбітшілік әлемі: халықаралық дәрежедегі мәдениет майталманы» медалінің иегері,кәсіби маман. 

Ансамбльдердің репертуарында халық әндері, композиторлар Л.Хамидидің, Е.Хасанғалиевтің, Б.Тәжібаевтың, Н.Тілендиевтің т.б. әндері бар. Оларды көрермен ықыласпен тыңдап, ләззат алады. 

a264168a-2d63-4108-9e30-3111ed843e0b.JPG

Қоғамдық, азаматтық негізде жұмыс жасайтын «Атамекен», «Асылым» ансамбльдері мүшелері бірінші концерттері мен қойылымдарын «Ғасырлар үні – бабалар жолы» - деп, ырым етіп Бестамақ, Талдысай, Әлия ауылдарынан Абат, Есет, Әлия батырларға тағзым етіп, бата алып бастады.

 Ансамбль мүшелері – 21 адам «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл-Ел бесігі», «Жастар жылы», «Ақтөбе - 150 жыл» жобаларымен 8 аудан орталықтары мен ауылдарында, қала мекемелері мен мектептерде 55 концерт және «Атажұрт – Атамекенім», «Ақтөбе – қалам менің», «Жыл келді – амал келді», «Сырға салу», «Анаға тағзым; Ананы еске алу» жастар тәрбиесі, салт-дәстүр тақырыптарындағы 12 сахналық қойылым көрсетіп, көрермен көңілінен шықты. «Атамекен», «Асылым» халықтық ансамбльдерінің құрылғанына 1 жыл толуын 1-қарашада атап өту жоспарлануда.

Ансамбльдің жұмысының бағытын белгілеп, Ақтөбе облысы, қала әкімдігі үлкен көмек көрсетіп келеді. Аудан әкімдіктері ықыласпен қарсы алып, гастроль кезінде ақсақалдардың жағдайларын жасап, үлкен құрмет көрсетуде. Ансамбльдің қазіргі имиджі жоғары, көрермен риза, БАҚ жақсы жариялауда.

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі