25 Қазан, 2019
«Айтыс - сөздің майданы»

Мақсаты: оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы ақындық өнерді дамыту, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, айтыс өнерінің суырыпсалмалық қасиетін насихаттау.


25 қазан күні Алматы қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында, Алатау ауданы №1 Оқушылар үйінде «Айтыс – сөздің майданы» тақырыбында жас ақындар айтысы өтті. Жас ақындар айтысын өткізудің негізгі мақсаты: оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы ақындық өнерді дамыту, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, айтыс өнерінің суырыпсалмалық қасиетін насихаттау.

IMG_3782.JPG

Айтысқа Алматы қаласы Білім басқармасы «Рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану» бөлімінің бас маманы Жанұзақова Лаура Нұрбақытқызы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Дүйсенбі Асқар Кейкіұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, доцент Дарибаев Самалбай Дарибаевич, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Наурызбай ауданы «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейтасқаров Мұрат Айнашович, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Педагогика және психология» институтының директорының орынбасары, профессор Ақжолова Ақтоты Төлеумұратқызы және Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлбану Садуақас қазылық етті.

Айтысқа қаламыздың 8 ауданынан 8 оқушы қатысты.

Бірінші айналым – Тақырыптық айтыс – тақырып жеребе арқылы белгіленеді. Айтыскерлер жеребе арқылы алған тақырып төңірегінде өз ойын ортаға сала отырып, тапқырлық, суырыпсалмалық, алғырлық қасиеттерін ашады. Берілген тақырыпты арқау ете отырып, қоғамдағы мәселелермен, ел мүддесімен ұштастыра білу шеберлігі сыналады.

Екінші айналым – Шешуші айтыс – бірінші айналымнан өткен ақындар сайысқа түседі. Бұл кезеңде ақындар Жастар жылына байланысты алған тақырыптарын арқау етіп, озық ойлары, мақтаныштары, ізгі тілектерін, асқақ армандарын тілге тиек ете жастар туралы барынша жырлайды.

Айтыс жеңімпаздарын әділқазылар алқасы анықтады.

Алматы қаласы, 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі