29 Шілде, 2020
Қазақстан экономикасының хәлі қалай?

Экономикалық өсуді 2020 жылдың соңына дейін қалпына келтірудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. 

Кешенді жоспар 10 бағыт бойынша қаржылық және қаржылық емес шараларды қамтиды. Бұл өңдеуші өнеркәсіп, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы, азаматтық авиация, логистика, туризм, ШОБ және қызмет көрсету секторы, сондай-ақ әлеуметтік сала.

Әр сала үшін өзекті мәселелерді жедел шешу шаралары қазірдің өзінде жүзеге асырылуда.

Кешенді жоспарды іске асыруда салықтық ынталандыруды қосқанда, заңнамаға шұғыл түзетулер пакеті қабылданды.

Бұл шаралардың барлығы сыртқы күйзелістердің жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ Кешенді жоспар экономика саласындағы жедел мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі

Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден