18 Мамыр, 2018
А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі Мәскеу қаласында өнер көрсетті

Мемлекеттік үлкен маңызы бар «Рухани жаңғыру» үдерісі күн санап дамып, алға жылжып келеді. Әсіресе, осы бағдарламаның «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бөлімі аясында еліміздің мәдениеті әлемге кеңінен танылуда.


Соның бір айғағы ретінде, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі, филармония әншілері  Мәскеу қаласында өткен V әлемдік ұлттық оркестрлер фестиваль-конкурсында өнер көрсетті.



Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, ал бас дирижері – ҚР мәдениет саласының үздігі Мадина Кабижанова болды. Сонымен қатар, аталмыш өнер додасына Республикалық байқаулардың лауреаты Нұртас Омаров та қатысты.



А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі Құрманғазының, Қазанғаптың күйлерін, Е.Брусиловский, А.Жұбанов және Ғ.Жұбанованың шығармаларын орындады.



Филармония әншілері оркестрдің сүйемелдеуімен М.Сапарова М.Ержановтың «Қуанамын», Н.Тілендиевтің «Ақ шағала» әнін, ал Нұртас Омаров Молдабайдың әні «Молдабай», Естайдың «Құсни-Қорлан» әнін шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.



Осы ретте облыстық Ақтөбе филармонияның директоры Елубай Кенжалиев:




­– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өз елімізден шыққан композиторлардың күйлерін әлемдік деңгейде өзге ұлттарға, қандас бауырластарымызға әндерлді жеткізуді өзіміздің міндетіміз деп есептейміз. Елбасы жолдаған Рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес қазақтың өнерін насихаттау, – деп өз ойын білдірді.




«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысып жүрген азаматтардың барлығы мақтауға лайық. Ұлттық код пен болмысты заманның талабына сай өңдеп, өнер жолы арқылы халық назарына қайта ұсыну негізінде қымбат тұрады.


ruh.kz