14 Желтоқсан, 2017
«Әзірет сұлтан» музейі бабалар рухына құрмет көрсетті

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі«Есімханның ескі жолы», « Қасымханның қасқа жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы» дүниеге келген киелі жерде Алаштың айбынын асырған Абылайды хан көтеріп, қазақтың қабырғалы биі Қазыбектің жамбасы жерге тиген көне шаһар Түркістанда аузы дуалы жақсылар мен жайсаңдар, батырлар мен бағландар, хандармен сұлтандар рухына құран бағыштау мақсатында көпшілікке ас берді. 


Игілікті шараға Түркістан қалалық ақсақалдар алқасы және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелері, қаладағы университет және колледж басшылығы мен ұстаздары, зиялы қауым өкілдері және облысқа қарасты музейлердің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты.




«Ел Тәуелсіздігі жолындағы маңдай тер толы әрбір еңбекте-елім, жерім деп өткен тұлғалардың орны орасан. Әрбір тарих тағылымының алтындай айбынды беттері қасиетті бабаның ізі, сөзі, ісіне толы. Ал, олардың ұрпақ баласы бақытына тілеп өткен арманы да азат, тыныш, бейбіт өмір болса, бұл күннің шуағы да, қуаты да өткенді құрмет тұтып, келешекке нық қадам басу, ұлыларды ұлықтау, мақтан етіп, бір сәтке естен шығармау»-дейді, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Н.Ахметжанов.




Жиын барысында музей директоры Түркістан қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға мекеме атынан 20 мың қаржылай сыйлықтар табыс етті.



Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев көпшілікті «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, жыл көлемінде төрткүл дүниеге аты әйгілі болған «Түркістан- түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен іс-шараларды ұйымдастыруға еткен еңбегі үшін Халықарылық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың арнайы алғыс хатымен музей директоры Нұрболат Ахметжановты марапаттады.


ruh.kz
ОҚО ІСБ