25 Желтоқсан, 2020
«Бұжы» тағамы қалай дайындалады?

Ұмыт болып бара жатқан ұлтық тағамдарды насихаттау мақсатында Ақтоғай ауданының Шолақсор орта мектебі «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Қазақ асханасының бірегей тағамдары» атты шеберлік сабағын ұйымдастырды. 

Шеберлік сабағында «Бұжы» тағамының қалай дайындалатыны жөнінде танымдық контент жасалып, оқушылар қызықты викториналық тапсырмаларды орындады.

Бұжы – жаңа сойылған қойдың немесе ешкінің бауырынан және іш майынан жасалатын жеңіл тамақ. Қазақ аспаздары – ежелден малдың ішек қарынын лақтырып тастамай, кәдеге жарататын.

Жалпы шеберлік сабағына 5-9 сынып оқушылары және ата-аналар, сынып жетекшілері белсене қатысты. Іс-шара өз деңгейінде өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Ruh.kz