1 Маусым, 2019
БАЛА МЕН БАҚЫТ – ЕГІЗ СӨЗ! (ФОТОБАЯН)
0Z9A0026.JPG

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.


0Z9A2485.JPG

Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.


0Z9A4964.jpg

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.


0Z9A9055.JPG

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.


0Z9A9308.JPG

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!


0Z9A2348.JPG

Болсын кіші бойымыз,

Биікке ұшу – ойымыз.

Біз бақытты балдырған,

Тойға ұласқан тойымыз.

Ruh.kz



Ruh.kz
Джамиля Мурзабекова