11 Қараша, 2020
Балмұздақ қалай жасалады? (фоторепортаж)

Бүгінгі фоторепортаждың кейіпкері – Гормолзавод сүт зауытының маманы Войцеховская Валентина. 

IMG_20201106_174126_870.jpg

Валентина өз еңбек жолын осы сүт зауытынан бастаған.

IMG_20201106_174136_562.jpg

Бүгінде бала күнінен сүйіп жейтін балмұздағын бүкіл республикаға таратып отыр.

IMG_20201106_174147_741.jpg

Валентина үш жылдан бері мыңдаған балмұздақпен көпшілікке көңіл-күй сыйлап келеді.

IMG_20201106_174159_575.jpg

Таңғы 9-дан арнайы техникалардың жанында тұрып, балмұздақты қалыпқа құяды.

IMG_20201106_174257_357.jpg

Жазғы шіліңгір ыстық басталғанда, сұраныстың көптігіне орай күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істейді. Цех кей күні 7 тоннаға дейін балмұздақ шығарады.

IMG_20201106_174324_526.jpg

Кейіпкеріміз туған жерге туын тігіп, өндірістің өркендеуіне тер төгуден еш шаршамайды.

IMG_20201106_174411_525.jpg

Еңбек адамы қоғамның негізгі қозғаушы күші.

IMG_20201106_174431_926.jpg

Адал термен келген несібенің мәртебесі қашан да биік болмақ.

Әмина Қадылбекқызы

Ruh.kz